Ақтау қаласының 2020 жылға әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен Ақтау қаласы әкімінің есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес өздеріңізбен бүгінгі кездесуде 2020 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы міндеттерді саралайтын боламыз.
Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз өз қызметімізде, ең алдымен, қарапайым азаматтардың сұранысы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуымыз керек» деп атап көрсеткеніндей, Сіздердің үлес қосуларыңызбен өткен жылы қаламызда жоспарлы жобалар іске асырылып, бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешімін тапты.
2020 жылға әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2020 жылдың 1желтоқсанына халық саны – 203 536 адам (2019 жылдың 1 қарашасына – 192 003 адам).
Ол облыс бойынша (717 518) халық санының 28,4%-ы. Оның ішінде қала – 198 668 адам (97,6%), Өмірзақ ауылы – 4 868 (2,4%) адам.
2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 212,5 млрд.теңгені құрады (2019 жылы – 210,7 млрд.тенге).
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2020 жылға жоспары – 961,8 млн.теңгені құрады (2019 жылы – 1 125,6 млн. теңге).
Оның ішінде, мал шаруашылығы – 544,1 млн.теңге (НКИ – 101,5%), өсімдік шаруашылығы – 413,2 млн.теңге (НКИ – 51,1%).
Өсімдік шаруашығы НКИ төмендеуінің себебі – пандемияға байланысты жұмысшылардың келмей қалуы, мемлекетаралық нарықтық қатынастар тоқтап, Ираннан келетін фермерлік жылыжайлардың үстін жабатын полиэтилен материалдарының келмеуі салдарынан, жылыжайлар үсті жабылмай, көктемгі-күзгі егістік айналымы болмады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 12 айда 237 млрд.теңгені құрады, өсім – 1,6 есе (2019 жылы – 153,3 млрд.тенге).
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 614,3 мың шаршыметрді құрады (2019 жылы – 611,1 млрд.тенге).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 117,7 млрд.теңгені құрайды (2019 жылы – 68,3 млрд.теңге).
2020 жыл ішінде барлығы 15 967 жаңа жұмыс орындары құрылған (2019 жылы – 11 600 орын).
Тіркелген жұмыссыздар саны – 4 115 адам (2019 жылы - 5004 адам).
Тұрғын үйлердің құрылысы бойынша:
Ақтау қаласы 19А шағын ауданындағы №37 учаскедегі екі 9 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып барлығы 144 пәтер пайдалануға берілді.
33 ш/а Аққу-3 көпқабатты тұрғын үйлері пәтерлер саны 670, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың II-тоқсанында 2 тағасын (пятно №2 және №3) аяқтау жоспарлануда;
18 ш/а төрт тұрғын үй пәтерлер саны 180, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың II-тоқсанында аяқтау жоспарлануда;
18 ш/а №25 және №28 учаскелерінде алты тұрғын үй пәтерлер саны 216, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың IV-тоқсанында аяқтау жоспарлануда;
19А ш/а, №41 учаскесінде бес тұрғын үй пәтерлер саны 432, құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың II-тоқсанында аяқтау жоспарлануда;
Қазіргі таңда ЖСҚ дайын жобалар:
18 ш/а №25 және №28 учаскелерінде төрт тұрғын үй жобасы жасақталып оң қорытындысы (№15-0151/20 от 15.07.2020 г.) алынды, іске асыру үшін қаражат күтілуде, құны 3,5 млрд. теңге
Қазіргі таңда ЖСҚ жасақталып жатқан жобалар:
19 ш/а төрт жалгерлік (коммуналдық) 65 пәтерлік тұрғын үй жобасына түзету жасақталуда
33 ш/а көпқабатты тұрғын үй жобасы жасақталуда, сараптамадан оң қорытындысын алу 2021 жылдың I-тоқсаны;
«Ақтау қаласында тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығын салу» сыйымдылығы 150 адамға арналған, (12.08.2020 ж. № 15-0176/20) құны 1 859,349 млн. теңге;
Инженерлік желілермен қамтамасыз ету мақсатында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар:
Өткен жылы 16-35 шағын аудандар бойымен газ желісінің құрылысы және Шығыс-2, 3 ш/а ішкі су және канализация желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.
18, 19, 35 ш/а ішкі газ желілерінің құрылысына мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.
17 және 18 ш/а су, канализация, жылу желілері және абаттандыру нысанының және Ақтау қаласындағы «Жылы жағажай» мекенін сумен жабдықтау құрылыстары аяқтау ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарлануда.
16, 18, 19, 19а, Шығыс-3 ш/а ішкі электр желілерінің және КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі арынды канализациялық коллекторын салу нысанының құрылысы жүргізілуде.
Ақтау қаласындағы орталық шағынаудандардың электр желілерінің мәселесін шешу үшін, «Ботаникалық бақ ауданында 110/10 кВ ҚТҚ салу» нысаны бойынша мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда
Сонымен қатаржоғарғы жаңа шағын аудандарды электр желісімен қамту мақсатында Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясын салу нысанының құрылысы жүргізілуде.
Каспий энергетикалық ХАБы «Жаңаөзен – Ақтау» магистралды газ құбырын салу желілері нысанының құрылысы жүргізілуде
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан нысандар
1) «Шығыс-3 ш/а инженерлік желілер (сумен жабдықтау, канализация, телефондандыру) құрылысы»;
2) «Рауан тұрғын үй массивінде инженерлік желілер (су, электр желісі) құрылысы»;
3) «29 ш/а КП13-тен бастап 16 ш/а КП-10-ға дейінгі жылу желілерін реконструкциялау және КП10-нан бастап 16, 17, 19 ш/а қиылысына дейін жаңа жылу желісін салу»;
4) «Жылы жағажай аумағындағы су құбырының құрылысы» (Жобаға түзету жұмыстары жасақталуда).
5) «Заветная Мечта тұрғын үй кешенінің А блогына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі көшті.
Қазіргі таңда ЖСҚ дайын жобалар:
16 ш/а газбен жабдықтау (15.08.2018 ж. № ҚСҚKAZ-0167/18) нысаны бойынша мердігер мекемені анықтауға конкурс жұмыстары жүргізілуде. Құны 30,658 млн.теңге;
19 ш/а ішкі инженерлік желілерінің және автожол құрылысы нысаны бойынша жоба жасақталып сараптамадан оң қорытындысы алынды (1-ші және 2-ші кезен), құны 1 375 млн теңге. (16.12.2020ж. № CEG-0043/20 және 28.12.2020ж. № CEG-0052/20);
Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясын «ГПП-4Г» станциясына қосу жобасы жасақталып оң қорытындысы (№15-0199/20 от 11.09.2020г.) алынды, құны 280 млн. теңге;
35 ш/а электр желісі бойынша жоба дайын (№ГНҚ-0129/18 от 05.12.2018г.), құны 981 666 000 теңге.
Қазіргі таңда ЖСҚ жасақталып жатқан жобалар:
«Каспий энергетикалық ХАБы «Жаңаөзен – Ақтау» магистралды газ құбырын салу» жобасына түзету жұмыстары жүргізілуде.
Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясынан 18, 18а, 19, 19а, 20 ш/а электр желісімен қамту жобасы жасақталуда, сараптамадан оң қорытындысын алу 2021 жылдың I-тоқсаны.
16, 20, 20А, 35 және 36-42 ш/а ішкі инженерлік желілерінің (су, канализация, жылу, автожол) құрылысы жобасы жасақталуда, сараптамаға жолдау ағымдағы жылдың I-тоқсанына жоспарлануда;
«Ақтау қаласында магистральды тарату желісімен 19а, 20, 20а, 33, 34, 34а, 35 жаңа шағынаудандарын жылумен жабдықтау үшін қазандық салу» және «Ақтау қаласында мал қорымы және инсинератор құрылысы» нысандары бойынша жоба жасақталуда.
Жер мәселесі
Өткен жылы қала бойынша 3 рет аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 6,2782 га құрайтын 13 жер учаскесі 268 009 206 теңгеге (кадастрлық бағасы – 144 925 162 тг.) сатылды.
Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бағытында сауда-саттықты электронды түрде өткізу қолға алынды. Осы жылдан бастап, Ақтау қаласы бойынша алғашқы электрондық аукцион (07.07.2020 ж. аукцион өткізілді), www.gosreestr.kz сайтында «Электронды сауда алаңында» өткізілді. Нәтижесінде 4 жер учаскесі (нысаналы мақсаты: автобус аялдамасы мен мобильді павильонды орналастыру және пайдалану үшін) сатылды.
2020 жылы барлығы игерілмеген 111 жер учаскесіне (көлемі – 764,1247 га) акт толтырылып, соның ішінде:
77 жер учаскесі (140,3616 га) «Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы» ММ-не жолданып, 3 жер учаскесіне Инспекция тарапынан нұсқама берілді, қалғандары бойынша «ҚР Президентінің 2019 ж. 26 желтоқсанындағы №229 Жарлығына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулер тоқтатылды» - деген мазмұнда хат келіп түскен болатын.
34 жер учаскесі (623,7658 га) бойынша әкімдікпен тиісті шаралар қолданылуда.
111 жер учаскесінің ішінде:
Коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері – 89 (көлемі – 154,7177 га);
Саяжай құрылысы – 1 жер учаскесі, (көлемі – 0,1150 га);
Ауыл шаруашылығы – 21 жер учаскесі, (көлемі – 609,292 га).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы соттың шешімімен кәсіпкерлік мақсатқа берілген жалпы ауданы 0,7 гектарды құрайтын 2 жер учаскесі және қала әкімдігінің қаулылылрымен жалпы көлемі 49,1 га құрайтын 39 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Абаттандыру
Жұмыспен қамту жол картасы аясында қаланы абаттандыру жұмыстарына 4 097 798,0 млрд.теңге бөлінді.
Енді осы жұмыстарға толығырақ тоқталатын болсақ, жыл соңына дейін 6 шағынауданға (2,6,7,12,26,27) толығымен абаттандыру жұмыстары жүргізілді (автожолдар – 67,2 км., тротуар - 45,8 км. балалар ойын алаңдары – 63 дана, спорт алаңдары – 22 дана).
Сонымен бірге қаладағы орталық көшелердегі жол бойында орналасқан 177 көппәтерлі тұрғын үйлердің қас беттерін сырлау жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
«Ақтау қаласы, 15 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аула аумағын абаттандыру» жұмыстары өтпелі болып, жалғасуда.
Өткен жылы одан бөлек абаттандыру жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 123 млн 491 мың теңге қаражат қаралып, оған шағынаудандардың периметрлері бойынша жаяу жүргіншілер жолдарын қайта қалпына келтіру, орталық көшелердің тіреу қабырғаларын сырлау, 14-15 шағынаудандардағы кіші баннерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жағалаудағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын сырлау жұмыстары жүргізілді. Қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын қайта сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстары да атқарылды.
Сонымен бірге, 2020 жылы шағынаудандар бойынша ішкі ойылған жолдарды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 91 млн 400 мың.теңге (19800 м2) қаралған. Шұңқырлы жөндеу жұмыстары келесі шағынаудандарда жүргізілді: 1, 5, 9, 11, 13, 14, 15, 22, 28, 28А, 29, Толқын-1, Шығыс-1 шағынаудандарда жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен шағынаудан периметрлерінің жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 124 млн. 787 мың теңге қаралған. Оған 3,4 және 8А шағынаудандарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ, 2020 жылы жергілікті бюджеттен қала бойынша 9 балалар ойын алаңына 90 млн 90 мың теңге, ал, 6 спорт алаңына 72 млн 962 мың теңге қаражат қарастырылды. Бүгінгі таңда, спорт және бабалар алааңдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. (спорт алаңдары 11-21 (2 данасы), 17-Дукат, 28а-1, 14-46, 32а-13) және (балар ойын алаңдары 3а-25, 14-40, 4-22, 31б-30, 11-3, 4-58, 3-44, тұрғын үй массиві Рауан, тұрғын үй массиві Приморский).
Безендіру жұмыстары
Қаланы безендіру мақсатында декоративтік көрнекілік жарықтандыру мен мүсіндер қою, мемлекеттік мерекелер кезінде безендіру бағытында жыл сайын мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс өткізіледі. Өткен жылы бұл жұмыстарға 130,0 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалды (бұл жұмыстар: декоративтік көрнектілерді күтіп ұстау, көп қабатты тұрғын үйлер жанындағы түрлі түсті шамдар 172 дана, теңіз жағалауындағы туннель түріндегі диодты жарықтандыру, орталық айналмадағы су бұрқақ тәрізді диодтар, теңіз жағалауындағы, Ынтымақ алаңындағы және қала әкімдігі алдындағы ағаштардың астындағы жарық диодтары, 11 және 12 шағынаудандар ортасындағы орталық жол үстіндегі деодты шамдар, Неке Сарайы, қала әкімдігі, облыс әкімдігі, Абай мәдениет үйі, драма театр ғимараттарының диодты шамдары, №3 (Тамшалы тұрғын үй маңы) және №18 (НурПлаза қонақ үй маңы) жарық диодты керме (перетяжки) жұмыстарын күтіп ұстау). Одан бөлек ағымдағы жылы қала аумағына қосымша үш керме орнату жоспарланып, толықтай орнатылды. 11 және 12 шағынаудандар ортасындағы орталық автокөлік жолы үстіне ұзындығы 285 метрлі жарық диодты шамдар және «Мәңгілік алау» монументінің сәулеттік жарығы толықтай орнатылды. Жалпы жоспар бойынша жыл соңына дейін 12 брендмауэр ауыстырылды.
Қаланы атаулы мерекелерге байланысты безендіру жұмыстары 8 және 22 наурыз, 1 және 7,9 мамыр, 6 шілде, 30 тамыз, 1 және 16 желтоқсан күндеріне қаралған. Аталған жұмыстарға әр мереке тақырыбындағы баннер, жалаушалар орнатылды.
Көгалдандыру жұмыстары
2020 жылға жергілікті бюджеттен 890 млн.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жеңімпазы «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоры» ҚБ анықталды. Мердігер мекеме наурыз-тамыз айлар аралығында жасыл желектерді күтіп ұстау және суару бағытында қызмет көрсеткен болатын. Алайда, келісім-шартта көрсетілген жұмыстарын тиісті деңгейде орындаған жоқ. Яғни, техникалық ерекшелікте көрсетілгендей жұмысшылар саны 209 болуы тиіс жұмысшылардың орнына 74 жұмысшы қызмет атқарып, бекітілген аумақтар бойынша жұмыстарын атқара алмай жасыл желектерді жою қауіпі төнді. Сонымен қатар, жүрмелі суару көліктері (водовоз) 65 дана болуы керек болса, оның орнына 15-25 аралығында көліктер қызмет етті. Сол себепті келісім-шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоры» Қоғамдық бірлестігімен келісім-шарт тамыз айында бір жақты бұзылды. Қазіргі таңда, қала аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау және суару жұмыстарына «Қала Жолдары» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталып, жұмыстары жүргізілуде.
Қала аумағындағы көгалдандыру жұмыстары бойынша келесідей мәселелерді биыл атқару жоспарланып отыр:
- Қала аумағына және шағынаудан ішіне ағаштар отырғызу;
- Жаңа шағынаудандардың орталық көшелеріне көгалдар (газон) отырғызу;
- Приозерный елді мекені және 4а шағынауданындағы суару бекеттерін теңгерімге алу және 4а шағынауданындағы жер асты суын «Ақбота» саябағы мен төменгі шағынаудандардың ағаш суару жүйесіне пайдалану;
- Орталық көшелердегі темір суару құбырларын пластикалық құбырға ауыстыру;
Санитарлық тазалық
Қаланың әрбір тұрғыны жылына шамамен 300 кг тұрмыстық қатты қалдықтар шығарады, оның ішінде 75% тамақ қалдықтары, шыны, қағаз бен картон құрайды.
2020 жылы қаланың санитарлық тазалық жұмыстарына жаңа шағынаудандар (30,31а,31б,32,32а,32б,33,34,35) қосылып тазаланатын қала аумағы 14 450 940 м2 көбейді (1 518 366 м2 өсті). Сол себептен 2020 жылдың санитарлық тазалық жұмыстарының соммасы 1 033 404 мың теңгеге көбейді.
Ірі көлемдегі қалдықтарды шығаруға жергілікті бюджеттен 81 млн.теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылды. Өткен жылға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді сатып алуға 15 млн. теңге қаралып, оған 441 контейнер сатып алынды.
Яғни, қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер саны 3041 дана. Оның 2041 данасы «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде, 1000 данасы «Каспий оперейтинг» ЖШС теңгерімінде. Одан бөлек «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде 77 дана евро контейнерлер бар. Қала аумағына қосымша тағы 1059 дана контейнерлер қажет.
Тұрғын-үй мәселесі
01.12.2020 жылы тұрғын үй тізімінде 11 102 адам тіркеліп тұр, оның ішінде:
615 - жетім балалар;
3717 - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек баласы бар отбасы, зейнеткер, толық емес отбасы, 1,2 топтағы мүгедек, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар және т.б.);
753 - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
15 - жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар;
6002 - мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б.
Өткен жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы» бағыты бойынша әкімдікке 375 үміткер құжат тапсырды, оның ішінде 160 азаматқа кезек ретімен жолдама берілді. Қазіргі таңда нақты үй алғандар саны 80 адам.
Сонымен бірге, тұрмысы төмен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына сатып алу құқығынсыз 19А ш/а 2 тұрғын үй (жалпы 144 пәтер) жалға беру жүзеге асырылуда.
Аталған пәтерлерді Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй кезегінде тұрған төменде көрсетілген санаттағы азаматтарға кезек ретімен бөлу жұмыстары жүргізілуде (129 пәтері бөлінді, 15 пәтерді бөлу жүріп жатыр).
Жаңаөзен қаласынан көшіп келген тұрғындар бойынша
Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарында Жаңаөзен қаласының тұрғындарын көшіру үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ қаражаты есебінен 150 пәтер (125 пәтер 19 «А» шағынауданнан, 25 пәтер 19 шағынауданнан) сатып алынды.
Жалпы өткен жылдың аяғында Ақтау қаласына көшуге ниет білдірген 602 Жаңаөзен қаласының тұрғындарының өтініштері мен құжаттары келді.
Бүгінгі таңда аталған құжаттар тұрғын үй комиссиясының отырысында қаралып, бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Автомобиль жолдарын дамыту
Қазіргі кезде қала аумағының солтүстік-батыс бағытқа ұлғаюының және қала көшелеріндегі көлік санының көбеюіне байланысты біршама жұмыстар жүргізілуде. Ақтау қаласы бойынша жалпы автожолдардың көп бөлігі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
1. 2020 ж. құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілген автожолдар:
Қала іргесіндегі «Приморский» елді мекен ішілік автожол құрылысы (12,8 км) толықтай аяқталып, қолданысқа берілді.
Қала ішіндегі «Көктем» тұрғын үй массив ішілік автомобиль жолының (2,8 км) құрылысы толық аяқталды.
2. Сонымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша қаладағы жөндеуді қажет етіп отырған автожолдарқолданыстағы №21 автожолдың (22-23-24-28А ш/а аралығы, АСАР С базары маңы) - 1370 м. болатын бөлігі және №6 автожолдың (21-22 ш/а аралығы, Әлем базары маңы )- 894 м болатын бөлігі орташа жөндеуден өткізіліп, асфальт жамылғысы және жиектастары жаңартылды.
3. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдар:
1. Қаламыздағы жаңадан бой көтерген 33, 34, 34А, 35 шағынаудандар бойымен №26 автомобиль жолының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр (1,5 км);
2. Ақтау қаласының 31Б, 32Б, 32В, 35 шағынаудандары бойындағы №33 автомобиль жолының (700 м) құрылысы жүргізілуде;
3. Ақтау қаласымен іргелес «Рауан» тұрғын-үй алабы ішілік автомобиль жолын (12,5 км) салу жұмыстары жүргізілуде;
4. Шығыс-2,3 шағынаудандар ішілік автомобиль жолдарын салу;
5. Ақтау қаласының № 1 өнеркәсіптік аймақтың автожолын салу;
6. Ақтау қаласында 25 шағынауданда автожол салу.
Жобалық сметалық құжаттамар жасақталынып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған жобалар:
1. Ақтау қаласының солтүстік-батыс бағыттағы рекреациялық аймақтан 20а ш/а дейінгі инженерлік желілерді әкелуімен автомобиль жолының құрылысын салу (3,3 км).
2. Ақтау қаласы, №8 өндірістік аймақтан бастап солтүстік-батыс бағыттағы рекреациялық аймаққа дейінгіавтожол құрылысын салу (4,0 км).
3 Ақтау қаласының «Ақбота» саябағы 2 ш/а мен 4 ш/а жол қиылысына жер асты өтпелі жолын салу нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.
4. Ақтау қаласы «Нұрас» жанар-жағармай құю бекетінен Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі автомобиль жолын жаңарту (5 км).
5. 1 ш/а бастап ХГМЗ теміржол қиылысына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңарту (8 км).
Сондай-ақ, автомобиль жолының инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру негізінде, тағы да 4 автожолдың жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Олар:
1. Ақтау қаласыХГМЗ теміржол қиылысынан бастап №17 бекетке дейін автомобиль жолын қайта жаңарту
2. Ақтау қаласы, 18 және 18а ш/а., 20 және 20а ш/а аралығындағы №17 автожолының құрылысынсалу;
3. Ақтау қаласы, 19а, 20, 20А шағынаудандар бойындағы №26 автожолының құрылысын салу;
4. Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымы құрылысы шеңберінде 19"А" шағынауданнан №20 Бекет маңындағы У-тәріздес жол қиылысына дейінгі автомобиль жолын салу. ІІ-Кезең. Автомобиль жолы. Жарықтандыру» құрылысын салуға ЖСҚ дайындау.
Жолаушылар тасымалы:
Ақтау қаласында қоғамдық көлік автобустарымен жолаушыларды тасымалдау бойынша 6 бағытта (№2, 3, 4, 4м, 5, 7 маршруттары) 70-ге жуық автобус қызмет атқарады. 2020 жылы қаланың жаңа шағынаудандарын (18, 18а, 19, 19а, 20) қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында №8 қоғамдық көлігі пилоттық нұсқада іске қосылды.
Автобустарды жаңарту мәселесі: Ақтау қаласының қоғамдық көлігін жаңарту мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі, «Каспий» ӘКК ҰК және Ақтау қаласының әкімдігі бірлесіп жоба дайындады. Жобаның 1-ші кезеңі бойынша Ақтау қаласының қоғамдық көлік саласына «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның лизингтік (БРК-Лизинг) бағдарламасы арқылы 18 дана жаңа Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» зауытында құрастырылған «Ютонг» маркалы заманауи автобустары сатып алынды. Аталған жаңа автобустар 2020 жылдың 1-ші қарашасынан бастап қалалық қоғамдық көліктерде (№3, №7, №8) іске қосылды. Сонымен бірге, қазіргі таңда 30 дана жаңа автобустар алынып, №5 және №8 маршруттарын толықтай қамтитын болады және маусым айында №2 маршрут 10 жаңа автобустарымен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, барлық қалалық қоғамдық көлік автобустарына жолақы төлеудің электрондық жүйесі (валидатор) енгізілді. Яғни, кез-келген жолаушы жолақыны банк карточкасы немесе арнайы транспорттық карточка арқылы төлем жасай алады. Тағы да айта кететін бір жәйт алдымыздағы айларда қалалық қоғамдық көліктерге жолақының сараланған тарифін (дифференцированный) енгізу жоспарлануда. Яғни, жолаушы жолақысын карточка арқылы төлесе стандартты төлем (70 теңге) ал, қолма-қол төлесе екі еселенген құнын (140 теңге) төлейтін болады. Сараланған тариф бүгінгі таңда республикамыздың көптеген өңірлерінде енгізілген, оның артықшылықтар:
- Жолаушылардың жолақыны электрондық карточка арқылы төлеуіне тез дағдылануы;
- Жолаушылардың нақты санын анықтау;
- Жолаушылардың нақты саны арқылы тасымалдаушы мекемелерге қаржылай субсидия төлеу;
- Тасымалдаушы мекемелердің нақты табысы арқылы салық төлемдерін қадағалау.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ақтау қаласы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынатіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36 640 бірлікті құраса, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 753 бірлікті құрады.
2020 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс орындарымен қамтамасыз етілгендер саны – 81 718 адам, ал шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 885,9 млн. теңгені құрады.
Азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатындағы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 439,3 млн. теңгеге 52 жоба қаржыландырылып, 71 жаңа жұмыс орын ашылып, (2019 ж. құны 699,2 млн. теңгені құрайтын 68 жобаға микрокредит беріліп, 127 жаңа жұмыс орны ашылды), «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1149 жаңа жұмыс орнын ашатын 153 жобаға 47,5 млрд. теңге несие берілді (2019 ж. жағдай бойынша құны 1 млрд. 55 млн. теңгені құрайтын 35 жобаға несие беріліп, 225 жаңа жұмыс орны ашылды).
Қала тұрғындарын нарықтағы сауда бағасынан төмен бағамен азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндері тұрақты негізде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағадан 15 пайызға төмен бағамен делдалсыз сатылады. Өткен жылы 35 жәрмеңке ұйымдастырылды (2019 жылы 67 жәрмеңке өткізілді, пандемияға байланысты ағымдағы жылы аз ұйымдастырылды).
Кәсіпкерліктің бір саласы – азық-түлікке қатысты. Сауда заңы бойынша азық-түліктің қымбаттауы – ол процесс, сондықтан Үкіметпен бекітілген 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2 гипермаркет және 21 супермаркетпен Меморандум жасақталды.Сонымен қатар, өткен жылы «Көк базар» азық-түлік базары ашылды.
Өнеркәсіп кәсіпорындары 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 212,5 млрд. теңге құрайтын өнім өндіріп, нақты көлем индексі 96,4 пайызды құрады (2019 жылы 210,7 млрд. теңге), ал 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 237 млрд.теңгені (2019 жылы – 153,3 млрд. теңге) құрап 1.6 есе өсті.
Өткен жылы Ақтау қаласында 82,1 млрд. теңгеге 857-ден астам жаңа жұмыс орнын құруымен 6 жоба іске асырылды.
1. Жылы жағажай ауданында «Aktau Tourism City Ltd» туристік-қонақ үй кешенінің жобасы (68 млрд. теңге, 660 жұмыс орны).
2. «OSS Kazakhstan» ЖШС Мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өндірістік цех, Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы (1,1 млрд. тг., 50 жұмыс орны).
3. «Mangystau OiL Refining» ЖШС Көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу бойынша кешенді жаңғырту, 2-кезең, Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы (2 млрд. тг., 50 жұмыс орны).
4. «Onis Petroleum» ЖШС Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында мұнай-химия кешенінің құрылысы (7,5 млрд.тг., 40 жұмыс орны).
5. Ақтау қаласындағы «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету «Dynamics business technologies» ЖШС (1,9 млрд.тг, 7 жұмыс орны)
6. «Торалл Каспий» ЖШС-ң «Холидей ИНН Актау» қонақ үй кешені аквапаркінің құрылысы» жобасы (1,6 млрд. тг., 50 жұмыс орны)
2021 жылы Ақтау қаласында 120,2 млрд.теңгеге 1084 жаңа жұмыс орын құруымен 12 жоба іске қосуға жоспарланған.
1. «Onis Petroleum» ЖШС Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында мұнай-химия кешенінің құрылысы (2-кезең, 6,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 4-тоқсан).
2. «Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Химреагенттер өндіру зауытын салу (1,9 млрд. теңге, 32 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 2-жартыжылдық).
3. «ҚазАзот» АҚ Дайын өнімді шығару жөніндегі жобалық қуатты ұлғайта отырып, минералдық тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту (3-кезең, 10 млрд. теңге, 20 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 1-жартыжылдық).
4. Кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауыт салу "Ақтау- ЭнергоМаш" ЖШС инвестор Әзірбайжан ООО АТЕФ-Группа КОМПАНИ (9,1 млрд. теңге, 150 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021ж. 2-жартыжылдық).
5. Жұмсақ биг бэг буып-түю ыдысын өндіру зауыты «WestEcoPlast» ЖШС (980 млн. теңге, 47 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 1-жартыжылдық).
6. Термопан
ель өндіру цехы «KazEcoBuild» ЖШС (500 млн. теңге, 35 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 2-жартыжылдық).
7. Полимерлік қаптама өндіру зауытын салу «Достық полимер Плюс» ЖШС (368,4 млн. теңге, 32 жаңа жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 1-жартыжылдық).
8. Кешен құрылысы (тақырыптық парк, гольф клубы) Tethys International HUB LTD (1-кезең, 50 млрд. теңге, 500 жұмыс орын, іске қосылуы – 2021 ж. 3-тоқсан).
9. Виллалар мен апартаменттерді салу кешені BI Group (1-кезең, 25 млрд. теңге, 40 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 3-тоқсан).
10. Курорттық-қонақ үй кешені Bazis-A (1-кезең, 13 млрд. теңге, 35 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 3-тоқсан).
11. «Достар» қонақ үй кешенін кеңейту «Достар Компани ЛТД» ЖШС (2,0 млрд. теңге, 200 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 2-жартыжылдық).
12. Масат ЖШС сауда орталығының құрылысы (850 млн. теңге, 300 жұмыс орны, іске қосылуы – 2021 ж. 2-жартыжылдық).
Білім саласы
Қаламыздың білім саласының бюджеті - 19,5 млрд. теңге (2019ж.-14 млрд. 91 млн. теңге).
Қалада барлығы 89 балабақша (2019 ж.-81) жұмыс жасайды (бюджеттен 2020 ж. - 4 млрд.859 млн теңге, 2019ж- 4 млрд. 332 млн. теңге бөлінді), оларда 14416бала тәрбиеленуде (3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 100%-ға жетті).
Оның ішінде 52 жекеменшік балабақшаға 2 млрд. 250 млн. теңге (2019 ж.- 1 млрд. 192 млн. теңге) бюджеттен бөлініп, 5283 бала (2019 ж. - 3184 бала) мемлекеттік тапсырыс негізінде барады.
Өткен жылы 670 орынды құрайтын 8 жекеменшік балабақша ашылды (12,14,15,17 ш/аудандарынан және Приозерый селосынан).
Осы жылы 5 жекеменшік балабақша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 26 ш/а бұрынғы әскери бөлімнің ғимаратына 280 орындық балабақша ашу жоспарлануда.
Бұдан басқа, мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде 2 140 баланы қамтитын 9 балабақшаның жеріне (Шығыс-1 ш/а 320 орындық, 17 ш/а 140 орындық, 32А ш/а 2 балабақша, 18, 18А, 19А, 20, 34 ш/а әр қайсысы 240 орындық) балабақшалар құрылысын салуға жобалары дайын.
Жалпы орта білім беру
Орта білім беру жүйесін қаржыландыруға 12 млрд. 276 млн теңге (2019 ж. - 9 млрд. 702 млн. теңге - 2 944 мұғалім жалақысы) жұмсалды.
Қазіргі таңда, қаламыздағы 25 күндізгі - 45 794 (2019 ж. - 42891), 1 кешкі - 127 (2019 ж. - 170 оқушы) және 8 жекеменшік мектепте – 940 (2019 ж. 4 жекеменшік мектепте- 373 оқушы), барлығы 46 861 оқушы білім алады.
2020 жылы 1762 бала (2019 ж. - 1426) мектеп бітіріп, 5 519 бала (25 о/м-5191, 8 ж/м-328) 1 сыныпқа келді (3-есеге артқан).
Биылғы оқу жылынан бастап аз қамтылған отбасының 3431 баласына жалпы міндетті оқу қорынан әрқайсысына 25 мың теңгеден берілді (52,7 млн. теңге қаражат бөлінді).
2020-2021 оқу жылында оқушыларды біліммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 144 млн теңгеге 673 компьютерлік құрылғылар (ноутбук, моноблок, принтер, интерактивті тақта) алынса, жергілікті бюджеттен 120,87 млн. тг. қаражатқа 708 дана компьютер алынды.
Қашықтан оқыту барысында мұқтаж отбасы балаларын интернетпен қамту үшін Altel роутерінің 135 данасы, Activ - 85 данасы, Beeline - 135 данасы роутерімен бірге (5,314 млн теңге) алынды.
Қазақстан Республикасының шұғыл шығындарға арналған резервінен білім басқармасы арқылы 1100 компьютер, 2737 ноутбук, 673 планшет сатып алынды.
Демеушілік есебінен:
«NCOC» компаниясы өзінің демеушілік жне қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жыл сайын қаламыздың білім саласының дамуына ықпалын тигізіп келеді.
Жас ұрпақтың білім алуы мен тәрбиеленуіне зор көңіл бөліп отырған NCOC компаниясы жаңа жылда қаладағы 24 мектептерге үш деңгейлі су сүзу жүйесі бар ауыз су бұрқақтарын орнатты.
Суды тазартудың үш деңгейлік жүйесі механикалық, биологиялық және химиялық қоспалар мен хлор иісін жояды.
Мектептер мен балабақшаларды қазіргі заманғы электронды техникалармен жабдықтауда НКОК компаниясы білім алушылардың жан-жақты дамуына, робототехниканың қыр-сырын білуге мүмкіндік беретін №5, 11, 21, 23 орта мектептеріне STEM зертханалық кабинеттерін алып берді.
Сондай-ақ, №31, 42, 46 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына аула ойын алаңдарын, №19 балабақшасына М.Монтессори педагогикалық технологиясын енгізуде кабинет жасақтап берді.
Қаладағы өзекті мәселенің бірі – үш ауысымдық оқыту
Қалаға көшіп келушілер санының артуы мен демографиялық өсім нәтижесінде 5 мектеп, №10,12,20,28,29 мектептер үш ауысымда сабақ оқытады.
Жоғарыдағы мәселені шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс-1 шағынауданынан 300 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың мамыр-сәуір айларында пайлануға берілмек.
Одан басқа, 17 ш/а 300 орындық, 18, 19а, 31а ш/а әрқайсысы 1200 орындық мектеп пен 32а ш/а мектептің жапсарма құрылысының жобалары дайын. Мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде құрылысын салуға облыстық құрылыс басқармасына конкурс өткізуге ұсыныс жолданды.
Сондай-ақ, осы мәселені бұдан әрі шешуге дайын жобалар:
17 ш/а оқушылар сарайы жобасы жасақталып, оң қорытындысы (№15-0119 от 13.06.2019г.) алынды, құны 8,8 млрд. теңге. Бұл ретте, 17 шағын ауданыңда тұрғын-үйлердің көптеп бой көтеруіне байланысты, оқушылар сарайыорнына 1200 орындық мектеп салу шаралары, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (ГЧП) бағыты бойынша қарастырылуда;
«Ақтау қаласының 32А шағын ауданындағы №29 орта мектепке сыйымдылығы 300 орынды жапсырма салу (пристройка)» жобасы жасақталды. (24.08.2020 ж. № 04-0212/20). Құны 502,611 млн.теңге;
«Өмірзақ ауылындағы №27 мектеп жапсырмасын қайта жөндеу» (20.11.2020 ж. № ET-0243/20) жобасы жасақталды. Құны 255,190 млн.теңге;
Сонымен қатар, қосымша жалпы білім беретін орта мектептер құрылысын салу қажеттілігі туындауына байланысты, мектеп құрылысына арналған келесі бос жер орындарына: 20 ш/а – 3,2 га, 20А ш/а – 1,2 га, 32В ш/а – 9 га, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (ГЧП) бағыты бойынша ұсыныс беріліп қарастырылуда.