Ақтау қаласына және Өмірзақ ауылына
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді
ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Ақтау қаласына және Өмірзақ ауылына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
- «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (басшысы Г.Умирзакова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С.Гусманға жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі Н.Килыбай