Ақтау қалалық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2021 жылы 10 қаңтарда Ақтау қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қала бойынша сайлаушылар тізіміне 150254 сайлаушы енгізілді, оның 73291 адамы немесе 48,78 пайызы бюллетень алды.
Дауыс беруге 71,335 сайлаушы қатысты, 766 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:
«Nur Otan» партиясы - 50296 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының - 70,51%; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 12649 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 17,73%; «ADAL» саяси партиясы - 8390 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 11,76%. Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді: «Nur Otan» партиясы - 12 мандат; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 3 мандат. «ADAL» саяси партиясы - 2 мандат; Ақтау қалалық сайлау комиссиясы