Ақтау қаласына және Өмірзақ ауылына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Ақтау қаласына және Өмірзақ ауылына

бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған,

көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін,

шатырларын ағымдағы немесе

күрделі жөндеу жөніндегі

іс-шараларды ұйымдастыру және

жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласына және Өмірзақ ауылына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын осы қаулының қосымшасынасәйкес бекітілсін.
  2. «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (басшысы Г.Умирзакова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С.Гусманға жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Ақтау қаласының әкімі                                                     Н.Килыбай

Ақтау қаласына және Өмірзақ ауылына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
08 января 2021