Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
2020 жылдың 11 айы бойынша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 83.
2020 жылдың 11 айында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімі аппаратымен және 10 мемлекеттік мекеме арқылы – 86697 қызмет көрсетілді. Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 33207, ХҚКО арқылы - 19714, электрондық портал арқылы – 33776 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 4361, оның ішінде электрондық түрінде – 2543, қағаз түрінде – 1818.
Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратымен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-2, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-22.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша 2020 жылдың 11 айында өткізілген іс-шаралары
Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-ө өкімі және 2020 жылғы 09 қыркүйегіндегі № 38-ө өкімімен бекітілген «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 16.
Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 120 кемшіліктер анықталды:
Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 64
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар-қараша айлары аралығында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 59 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны - 7547) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған басылымдар, сұхбаттар және т.б).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 8.
Қазіргі таңда қала аумағында 29 (25 білім беру ұйымдарында, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында және «Абай» МДК, Өмірзақ ауылы әкімдігінде) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.
2020 жылдың ІІІ тоқсанында бекітілген арнайы жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша Орал қаласының әкімдігі мен Маңғыстау облыстық департамент, басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері арасында 19 жауапты мамандар тәжірибе алмасты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz сайтында көрсетілген.