Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі №30/285 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

  

Ақтау қалалық мәслихатының  2015 жылғы 3 шілдедегі №30/285 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу  және  жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2-тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы №10-15-198 ұсынысының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі №30/285 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік   құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2798 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2015 жылғы 15 тамызда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«

№

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу  орташа жылдық нормасы, м3

1

2

3

4

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,94

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,11

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

2,5

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,4

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,8

6.

Емханалар

1 келіп кету

0,00075

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,56

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,19

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,35

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,3

11.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,023

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,16

13.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,1

14.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

1,0

15.

Машиналардан сату*

сауда орнының 1 м2

-

16.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,29

17.

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,14

18.

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

19.

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,079

20.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,4

21.

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,47

22.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,4

23.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,74

24.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,4

25.

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,3

26.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,3

27.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,52

28.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,28

29.

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,15

30.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,42

31.

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

1,57

32.

Бау-бақша кооперативтері **

1 учаске

-

   ».

  1. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.
  3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Ескерту:

      * Коммуналдық қалдықтардың құрылу нормасы белгіленбеген, себебі көліктердегі сауда базар аумағында коммуналдық қалдықтардың тасымалдауды арнайы ұйымдар арқылы келісім шарт негізінде жүзеге асырады.

      ** Коммуналдық қалдықтардың құрылу нормасы белгіленбеген, себебі коммуналдық қалдықтарды тасымалдаушы ұйымдардың мәліметі бойынша аталған нысандар Мұнайлы аудан аумағында орналасқан және Ақтау қаласында жоқ.

Сессия төрағасы                                              Қалалық мәслихат

                                                                                    хатшысы

                                Ш.Гусейнов                                                            С.Зәкенов     

                                                                                                      

Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі №30/285 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
20 декабря 2020