“Халық қатысатын бюджет” ХАТТАМАСЫ

Сараптамалық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Ақтау қаласы                              №2                              2026 жылғы  27 сәуір

 

 

Төраға: Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Е. Скендиров.

Қатысқандар: Б. Шалабаев, Е. Габдолов, Ж. Көңілімқосов, Н. Сайлаубаев, А. Ұзақбайұлы, С. Едилбаев, М. Абугалиев, Р. Мергенов, Қ. Жумажанов

Қатыспағандар: Е. Байжігітов, Н. Жүпқали, Н.Таменов,

Хатшы: М. Жубаназарова.

 

Күн тәртібі:

“Халық қатысатын бюджет” жобасы бойынша қорытынды шығарып, шешім қабылдау

 

       Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі-Ереже) сәйкес, Сараптамалық Кеңестің оң шешімін алған 22 жоба ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін қала әкімдігінің сайтына жарияланып, дауыс беру жүзеге асырылды. Қала тұрғындары арасында дауыс беру нәтижесі келесідей:

 

Нәтижесінде 22 жоба 20 және одан жоғары дауыс жинады:

 

  1. №13010 (жоба нөмірі) - 5 ш/а, №1 үй - жасыл әрі таза аула: автотұрақ, көгалдандыру және демалыс аймағы;
  2. №12550 - 14 ш/а, №41 үй аумағын абаттандыру, көгалдандыру және автотұрақ орнату;
  3. №13449 - 27 ш/а, №72 үй Аула аумағын абаттандыру (балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен урналар орнату, көше жарықтандыру, ағаштар мен бұтақтар отырғызу) және автотұрақ аймағын жасау;
  4. №13445 - 4 ш/а, №62 үй тұрғындары үшін балалар ойын алаңын жаңарту және воркаут аймағын құру, орындықтар және урналар орнату;
  5. №13432 - 4 ш/а, №2 үй тұрғындары үшін балалар ойын алаңын жаңарту және воркаут аймағын құру, орындықтар және урналар орнату;
  6. №13429 - 4 ш/а, №6 үйдің артында сквер-аллея жасау, балалар ойын алаңын жаңарту және воркаут аймағын құру, орындықтар және урналар орнату, брусчатка, көше жарықтандыру, суару жүйесі;
  7. №13142 - 12 ш/а, 43 үй аула аумақтарын абаттандыру: балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнату;
  8. №12134 - 22 ш/а, №15 үй ауласы аумағында спорт (тренажер, футбол, баскетбол, волейбол) алаңдарын, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
  9. №13434 - 4 ш/а, №9 үй жанындағы скверді абаттандыру;
  10. №13479 - 32Б ш/а, №22 үй тұрғын үй аумағын абаттандыру;
  11. №13308 - 5 ш/а, №28 үй жасыл және таза аула: автотұрақ, көгалдандыру және демалыс аумағы;
  12. №12587 - 8 ш/а, №4 үй аумағын абаттандыру, көгалдандыру және автотұрақ салу;
  13. №13466 - 5 ш/а, №42 үй тұрақты абаттандыру және үнемді суару жүйесі;
  14. №13412 - 29А ш/а, №95 үй: абаттандыру, көгалдандыру, саябақ, урналар, пандус, брусчатка, бордюрлер орнату, жарықтандыру;
  15. №13424 - 32Б ш/а, №16 тұрғын-үй: абаттандыру, көгалдандыру, саябақ, урналар, пандус, брусчатка, бордюрлер орнату, жарықтандыру;
  16. №13406 - 32Б ш/а, Дарын мектебінің айналасы: абаттандыру, көгалдандыру, талдар отырғызу, тұрғындардың демалып отыратын төбесі жабық орындықтар орналастыру және қоқыс жәшіктерін орнату;
  17. №13363 - 32Б ш/а, №21 тұрғын үй аумағын көгалдандыру, жаттығу алаңын, футбол және балалар ойын алаңдарын салу, автоматты суару жүйесін, қоқыс жәшіктерін орнату, пандустар салу;
  18. №13362 - 32Б ш/а, №8 тұрғын үй аумағын көгалдандыру, жаттығу алаңын, футбол және балалар ойын алаңдарын салу, автоматты суару жүйесін, қоқыс жәшіктерін орнату, пандустар салу;
  19. №13431 - 4 ш/а, №22 үй аумағында сквер және автотұрақ жасау арқылы аумақты абаттандыру;
  20. №13428 - 4 ш/а, №21 ауласында спортпен шұғылдануға арналған воркаут алаңын орнату;
  21. №12118 - 19 ш/а, Жайлы аула: тұрғын-үй айналасын абаттандыру (жаяу жүргіншілер жолын салу, брусчатка төсеу, жарықшамдар орнату, спорт, воркаут және балалар алаңдарын, орындықтар орнату), көгалдандыру жұмыстары;
  22. №12746 - 17 ш/а, №51 үй: Мешіт маңындағы тұрғын үй аумағын абаттандыру. Балалар ойын алаңын жөндеу, турник орнату.

 

 

Шешім қабылданды:

 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 14-11 тармағына сәйкес, 20 және одан жоғары дауыс жинаған 22 жобалық ұсыныс бекітілсін;
  2. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2026 жылдың 15 мамырынан кешіктірмей бюджеттік өтінімдерді растаушы құжаттарымен бірге «Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын.

 

Сараптама кеңес мүшелерінің келісімі, 1 қосымшаға сәйкес.

 

 

Төраға                                                                                   Е.Скендиров

Дата публикации
26 июня 2026