Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесіп энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде «#EnergySave» республикалық қысқаметражды бейнероликтер байқауының (бұдан әрі – Байқау) өткізілетіні туралы хабарлайды.
Байқау халықтың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыруға, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын насихаттауға, сондай-ақ балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында энергияны саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Байқау Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық қызметті жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру аясында өткізіледі.
Байқау 2026 жылғы 20 мамыр мен 17 қыркүйек аралығында өткізіледі және Қазақстан Республикасының 10 – 22 жас аралығындағы мектеп оқушыларына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелеріне заманауи цифрлық және шығармашылық коммуникация құралдары арқылы аудару, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы балалар мен жастардың бастамаларын қолдау.
Осыған байланысты Байқау туралы ақпаратты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдары арасында таратуға жәрдем көрсетуді, сондай-ақ ресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық алаңдар арқылы білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз етуді сұраймыз.
Қосымша: «#EnergySave» республикалық қысқаметражды бейнероликтер байқауын өткізу туралы ереже ____ парақта.
Басқарма төрағасының орынбасары С. Инаханова