«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, инвестиция, өнеркәсіп және сауданы дамыту секторының инвестиция және өнеркәсіпті дамыту бойынша бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

 

«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

 

 

            Е-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-R-4

min

max

195 895

255 514

 

Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz  «Б» корпусының уақытша  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс  жариялайды:

 

  1. «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

кәсіпкерлік, инвестиция, өнеркәсіп және сауданы дамыту секторының инвестиция және өнеркәсіпті дамыту бойынша бас  маманы, Е-R-4 санаты,   1 бірлік.

              Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізеді.  Материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының кірісі, сақталуы мен жұмсалу есебін жүргізіп, айлық, тоқсандық, жылдық есебінің балансын жасақтайды; қала аумағында жаңа перспективалық өндірістер құру үшін шетелдік және отандық инвесторларды тарту;  Ақтау қаласының өнеркәсіпті дамыту және қолдау көрсету бойынша мониторингті жүзеге асырады; өнеркәсіпті дамыту жұмыстары бойынша қала әкіміне, бөлімдерге ақпарат және мәліметтерді дайындайды; Ақтау қаласына қарасты «Ақтау теңіз порты «Арнайы экономикалық аймақ» аумағында іске асырылып жатырған жобаларға мониторинг жүргізу;  Ақтау қаласында өнеркәсіпті дамыту саласындағы саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;  инвестициялық жобаларды іске асыруда бақылауды қамтамасыз етеді, қала аумағында жүзеге асырлылатын жаңа жобаларды анықтайды;  өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізеді; бағдарламасы арқылы келіп түскен хаттардың орындалысын (исполнение) жасау; қаланың инфрақұрылымына инвестицияның қазіргі жағдайын алдын ала талдауды жүзеге асыру;  қала аумағындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу; инвестициялық жобаларды іске асыруда бақылауды қамтамасыз етеді, қала аумағында жүзеге асырлылатын жаңа жобаларды анықтайды; қалаға инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен ынтымақтастық меморандумына келісу;  кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асыру; қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және соған жауапты болу; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кезігетін проблемалық сұрақтарын шешуге, шиеленістен шығу жолдарын қарастыруды, дұрыс бағыт беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; қала аумағында кәсібін жаңа бастаған шағын және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсетуге, сараптамалық талдау жасау; теңіз жағалауын абаттандыру жұмыстарына қолдау көрсетуді, жылыжай аумағының маусымдық мерзімге дайындығын пысықтауды үйлестіру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне қайшы келмейтін, тиісті жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.   «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры АҚ арқылы серпінді жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету және мониторинг жүргізу.  Қаладағы супермаркет желілері мен наубайханалармен меморандум жасақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, аймақтану, қаржы, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару,  маркетинг, жобаны басқару). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). Техникалық ғылымдар және технологиялар (жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы,  мұнай газ ісі, электр энергетикасы, стандарттау, сертификаттау және метрология).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі - Құқық (құқықтану). Қызмет көрсету, экономика және басқару (маркетинг, менеджмент, экономика, қаржы, статистика). Метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау, метрология және сертификаттау). Энергетика (электр энергетикасы).

  1. «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, инвестиция, өнеркәсіп және сауданы дамыту секторының сауданы дамыту бойынша бас маман, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

 Функционалдық міндеттері: Өз құзіреті аясында сауда қызметі бағыты бойынша ақпараттық-талдау мәліметтерді дайындайды; қала аумағындағы заңсыз сауда - саттық жүргізудің алдын - алып, мониторинг жүргізеді; отандық өнім өндірушілермен және әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларын тұрақтандыру мақсатында, арнайы сауда обьектілерімен Меморандум жасақтайды; кәсіпкерлік қызметі саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асыру; тұтыну базарындағы бағаның өсуіне жедел әсер ету;  атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық материалдарды дайындау; қала әкімдігі жанындағы шағын және орта кәсіпкерлік мәселелер бойынша сараптау кеңестері қызметін ұйымдастырады; қала аумағындағы белгіленген жерлерден тыс заңсыз сауданы жою, құзырлы органдардың қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;  әлеуметтік маңызы бар тамақтарға жүргізілген мониторингке, автокөліктерге газ құю бекеттері мен жанар - жағар май құю бекеттеріне жүргізілген мониторингке талдау жасап, анықтама ұсынады. Қала бойынша жанар – жағар май құю бекеттеріне күнделікті 1 рет мониторинг жүргізу.  Қала бойынша автокөлікке газ құю стансаларындағы газ өнімінің сатылуына күнде мониторинг жүргізу.  Қала аумағындағы кәсіпкерлік объектілерін сыртқы келбеті мен түнгі жарық шамдары мен жабдықтандыруды қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жасау; Ақтау қаласы аумағындағы базарлардың құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкестендіру мақсатында тиісті шаралар атқару; Ақтау қаласының азық-түлік қоры мен олардың бағаларын төмендету мақсатында, басқа қалалармен (кәсіпкерлерімен) ынтымақтастық Меморандумын жасақтауды ұйымдастыру; Қала аумағындағы ойын-сауық көңіл көтеру және букмекерлік  орталықтардағы қауіпсіздікті болдырмау мақсатында, құзырлы органдардың қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;  Ақтау қаласындағы бөлшек сауда көлемінің нақты индексін жоспарлы көрсеткіштен асыру мақсатында тиісті шаралар атқару. Қаладағы супермаркет желілері мен наубайханалармен меморандум жасақтау.  ЭҚАБЖ бағдарламасы арқылы кірістелген хаттарды сапалы орындау, хаттардың орындалысын (исполнение) жасау; базарлар мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингін жүргізу.

 

 

 

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, аймақтану, қаржы, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару,  маркетинг, жобаны басқару). Құқық (құқықтану, халықарарлық құқық). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі - Құқық (құқықтану). Қызмет көрсету, экономика және басқару (маркетинг, менеджмент, экономика, қаржы, статистика).

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

_________                                       ___________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, инвестиция, өнеркәсіп және сауданы дамыту секторының инвестиция және өнеркәсіпті дамыту бойынша бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Дата публикации
09 декабря 2020