

Мұқаш Мақсат Асқарұлы 1991 жылғы 24 қазанда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт», М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Құқықтану», Esil University-ді «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы білім және спорт саласында бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде басшылық қызметтер атқарған.
2019–2023 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.
2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазіргі таңда Ақтау қаласының әкімі болып қызметін атқарады.