Меню

Страницы

Статья

Бейнеу ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2020  жылдың  12  ай  есебі  бойынша  талдамалық  анықтама

Бейнеу ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша                  2020  жылдың  12  ай  есебі  бойынша  талдамалық  анықтама

 

  1. 1.ҚР цифрлық  даму,  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрінің  10.2020  жылғы  №390/НҚ  бұйрығымен  бекітілген Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  тізіліміне  сәйкес  жергілікті  атқарушы  органдар  арқылы  84  қызмет  түрі, оның 68 мемлекеттік қызмет түрі электрондық форматта көрсетілуі тиіс. 2020  жылдың  12  айы  бойынша  Бейнеу  ауданы  әкімдігіне  қарасты  мемлекеттік  органдар  арқылы  нақты  көрсетілген  қызмет  түрінің  саны  55.  Оның  ішінде:  Мемлекеттік  орган  арқылы  23,  Мемлекеттік  корпорация  арқылы  20,  электронды  веб-портал  арқылы  33. 

Көрсетілген  қызмет  саны  19932,  оның  ішінде:  Мемлекеттік  орган  арқылы  8358 (42%),  Мемлекеттік  корпорация  арқылы  2540 (12,7%),   электронды  веб-портал  арқылы  9034 (45,3%),  . 

  1. 2. 2020 жылдың 12  айы  бойынша  419  негізді  бас  тартулар  болды.  Электронды  түрде  320,  Қағаз  түрінде 
  2. 3. ҚР цифрлық даму,  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігінің  2020  жылдың  маусым  айы  бойынша  ХҚКО ЫАЖ  Мониторинг  жүйесінен  «Бейнеу  аудандық  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  көрсететін  «Неке  қиюды  (ерлі-зайыптылықты)  тіркеу,  оның  ішінде  азаматтық  хал  актілері  жазбаларына  өзгерістер,  толықтырулар  мен  түзетулер  енгізу»  мемлекеттік  қызметі  бойынша  1  (бір)  мерзім  бұзушылық  анықталды.  Нәтижесінде  Бөлімнің  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу секторының  бас  маманы  М. Елтузеровке  «сөгіс»  түрінде  тәртіптік  шара  алынды.

«Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау жүргізуде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 4 өтініш қабылданған. Аталған қызмет көрсетудің нәтижесі бойынша құжаттарды қабылдау жөнінде қолхат берілмеген, сонымен қатар артық құжаттар (ата-анасының жеке куәліктері, әр-түрлі медициналық анықтамалар) бар екендігі анықталды және орта мектепке қағаз түрінде қабылданған құжаттардың өтініштері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес қағидада көрсетілген өтінішпен сәйкес келмейді. Нәтижесінде Бейнеу ауданы әкімдігінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін уақытша атқарушы О.Қалжановқа «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

  1. 4. Бейнеу ауданы әкімдігіне  қарасты  мемлекеттік  органдар  және  оған бағынысты  ұйымдар  тарапынан  көрсетілетін  мемлекеттік    қызметтер  сапасына  2020  жылдың  12  айы  бойынша  түскен  арыз-шағымдар  болған  жоқ.
  2. 5. 2020 жылға арналған  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бақылау  іс-шараларының  жоспарына  сәйкес  24  объектіге  бақылау  жұмыстары  жүргізілді.  Аталған  жоспарға  сәйкес  ақпан,  наурыз  айларында  «Бейнеу  аудандық  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі»,  «Бейнеу  аудандық  экономика  және  қаржы  бөлімі»  мемлекеттік  мекемелеріне  ішкі  бақылау  жұмыстары  жүргізілді.  Нәтижесінде  бұзушылықтар  анықталған  жоқ.

- 28.08.2020  жылы  №51-нқ  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  2019  жылғы                     20  желтоқсандағы  №97-нқ  «2020  жылға  арналған  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  саласындағы  заңнамасының  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  заңнамасының  сақталуы  бойынша  ішкі  мемлекеттік  бақылау  іс-шараларының  жоспарын  бекіту  туралы»  өкіміне  өзгеріс  енгізу  туралы»  аудан  әкімінің  өкімі  бекітілді.  Аталған  жоспарға  сәйкес  қыркүйек  айында  «Бейнеу  аудандық  білім  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесіне  ішкі  бақылау  жұмысы  жүргізілді.

- 2020 жылдың қазан айында «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мекемесіне, қараша айында «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен «Абай  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіне  ішкі  бақылау  жұмыстары  жүргізілді.

Нәтижесінде  20  бұзушылық  анықталды. Жергілікті атқарушы орган тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша аудан көлемінде мониторинг жүргізілген мекемелерге ұсыным жолданды.

  1. 6. Мемлекеттік қызметтер көрсету  процесінің  ашықтығын  қамтамасыз ету  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 1-жиналыс, 3-дөңгелек  үстел,  2-семинар,  8-түсіндіру  жұмыстары  өткізіліп,  6-фейсбук, 2-инстаграм  әлеуметтік  желісіне  мақала  жарияланды.  Барлығы                    257  адам  қатысты.
  2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік қызметтері, мүгедектерге  протездік-ортопедиялық  көмек  ұсыну үшін  оларға  құжаттарды ресімдеу және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында онлайн режимінде тәжірибе алмасты.
  3. 8. Бейнеу ауданы бойынша  48  мекеме  ғимаратында  өз-өзіне  қызмет  көрсету  бұрыштары  жасақталып,  жұмыс  жасап  тұр.

№

Өз-өзіне  қызмет  көрсету  бұрышы  орналасқан  мекеменің  атауы

Орналасқан  мекен  жайы

1.

«Бейнеу  аудандық  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  бөлімі»  ММ

Бейнеу  ауылы, Д.Тәжиев көшесі 10/1

2.

«Сарға  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Сарға  ауылы

3.

«Есет  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Есет  ауылы

4.

«Боранқұл  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Боранқұл  ауылы

5.

«Ақжігіт  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Ақжігіт  ауылы

6.

«Сыңғырлау  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Сыңғырлау  ауылы

7.

«Сам  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Сам  ауылы

8.

«Тұрыш  ауылы  әкімінің  аппараты» ММ

Тұрыш  ауылы

9.

«Тәжен  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Тәжен  ауылы

10.

«Төлеп  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Төлеп  ауылы

11.

Абай атындағы орта мектебі КММ

Бейнеу ауылы, Тәуелсіздік даңғылы №13

12.

Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ

Бейнеу ауылы,

Ер қосай №38

13.

«Жұмағали Қалдығараев  атындағы орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Е.Бөкетбайұлы №2б

14.

«Бейнеу гимназиясы» КММ

Бейнеу ауылы,

Қалдықараев көшесі №2

15.

«Бейнеу лицей» КММ

Бейнеу ауылы,

Д.Тәжиев көшесі №15в

16.

«Бейнеу орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Сатбаев көшесі №272

17.

«Үстірт орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Аймауытов көшесі №39

18.

«Манашы орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Қожагелді Тоқсанбайұлы 160 А

19.

«Атамекен орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Б.Майлин №230

20.

«Күйкен орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Шағырлы №1

21.

«Сам орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Асау батыр №100б

22.

«Жанкелдин атындағы орта мектебі»

Сарға ауылы

Т.Аятұлы №33А

23.

«Боранқұл  орта мектебі» КММ

Боранқұл ауылы

1 аймақ №350 ғимарат

24.

Бейнеу ауданының әкімдігінің «Опорный орта мектебі» КММ

Боранқұл ауылы

7аймак №15/2 ғимарат-

25.

Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қарақұм орта мектебі» КММ

Боранқұл ауылы

№5 аймағы,- 5/1 ғимарат

26.

«М.Бегенов атындағы орта мектебі» КММ

Ақжігіт ауылы

Тәуелсіздік көшесі, №3

27.

«Ақжігіт орта мектебі» КММ

Ақжігіт ауылы

2 аймақ №131Б ғимарат

28.

«Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені»

Сыңғырлау ауылы,

Егемендік көшесі, №1 ғимарат

29.

«Ә.Махутов атындағы мектеп балабақша кешені» КММ

Төлеп ауылы,

Төлеп ауылы, Махутов №12Б

30.

«Есет» мектеп-балабақша кешені» КММ

Есет ауылы,

№1 аймақ, №108ғимарат

31.

«Тұрыш мектеп-балабақша кешені»

Тұрыш ауылы,

Нұрпейісова көшесі №1 үй

32.

«Тажен мектеп-балабақша кешені»

Тәжен ауылы,

Тәуелсіздік даңғылы №25

33.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Болашақ" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, 

№26Б ғимарат.

34.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Ж.Аймауытов көшесі,  №29В ғимарат.

35

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Қарақұм" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Боранқұл ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  №17 А ғимарат.

36.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Қүйкен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Шағырлы көшесі,

 №1 Б ғимарат.

37.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Үстірт" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Ж.Аймауытов көшесі,  №39 Б ғимарат.

38.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бөбек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Досан Тәжіұлы көшесі,  №9 Б ғимарат.

39.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Боранқұл" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

,Боранқұл ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  №17В ғимарат.

40.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ақжігіт" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауданы,Ақжігіт ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  №9 ғимарат

41.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Азан Балов көшесі,

 №81 Б ғимарат

42.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балдәурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Тәуелсіздік даңғылы,  №26 ғимарат.

43.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балдырған" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Төремұрат көшесі, 

№9 ғимарат

44.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, 

№17 Б  ғимарат

45.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Сүгір Бегендікұлы көшесі,  1 А  ғимарат.

46.

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сарға бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Сарға селосы          

47.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу" санаторлық бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Бейнеу ауылы,

Д.Тәжиев көшесі №15в

48.

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Боранқұл санаторлық бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Боранқұл ауылы

Барлығы: 48

 

 

  1. 2020 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын анықтау мақсатында «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қоғамдық мониторинг» әлеуметтік жобасына «Бейнеу аудандық ішкі  саясат  және  тілдерді  дамыту  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі 267 000 теңгеге  конкурс жариялаған  болатын. Алайда алғашқы  конкурсқа  үкіметтік емес  ұйымдар  түскен  жоқ. Соңғы екінші конкурс нәтижесінде 2020 жылдың төртінші тоқсанында «Бейнеу аудандық азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі (Т.Джолышов) жеңіп алып, 01.11.2020-30.11.2020 жылдар аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 қызмет түрі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіліп, аудан тұрғындарына сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы саралай келе ауыл тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру мен интернет жылдамдығын жетілдіру жұмыстарын қолға алу қажеттілігі бар екені байқалып, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет көрсетуінің жақсарып, тұрғындарға мәдениетті, сауатты жауап беріп отырғандығы байқалады.

         Қоғамдық мониторинг жүргізілген қызмет түрлері:

  1. «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу»;
  2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
  3. «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»;
  4. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету».
  5. 10. Бейнеу ауданы әкімдігіне  қарасты  10  ауыл,  ауылдық  округ  әкімінің  аппараттары  бар.  Олар:  көрсетілген  қызмет  түрінің  саны    Көрсетілген  қызмет  саны  21.
  6. 11. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылы 30 қыркүйектегі №726 қаулысына сәйкес, «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін жекеменшікке сатып алу-сату шарттарын жасау», «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Сауда-саттықта (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметтері функция ретінде көрсетіліп келді.

       «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі туралы» 31.01.2020 жылғы №39 бұйрығына сәйкес (625-9,625-10) мемлекеттік қызметтері тізілімнен алынып тасталды.

        "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес,  625-7,625-8 қызметтері 617- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» болып біріктірілді.

      Аталған және көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша көрсеткіштері есептік нысанда көрсетілмеді. Себебі, НҚА-лары жер заңнамаларымен сәйкес келмейді. Бірақ көрсеткіштері (функция ретінде көрсетілгені) ай сайын Маңғыстау облысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мониторингі  бөліміне қосымша ұсынылып келді.

         2020 жылы 19 қазандағы  «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласының қызметтерін көрсетуде өзекті мәселелерді талқылау бойынша өткен семинар-кеңестің»  №10-03/4 хаттамасының 2.1. тармағына сәйкес, функция ретінде көрсетілген жер саласының қызметтерінің көрсеткіштері қаңтар айынан бастап есептілікке енгізілді.

 

 

 

 

 

         Аппарат басшысы                                                                Г. Бақытова

                  

 

        

 

 

 

 

 

 

 

?    Н. Тыныштықов

  • 8/72932/ 2-10-36

 

 

Дата публикации
13 января 2021
Дата обновления
13 января 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

14 октября 2026
14 октября 2026
Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті
14 октября 2026

Социальные медиа

Бейнеу ауданының әкімдігі
Бейнеу ауданының әкімдігі
Бейнеу ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы