Меню

Страницы

Статья

Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті

Бейнеу ауданы аумақтық сайлау комиссиясында 2026 жыл 29 қарашаға тағайындалған  Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауынын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 13 қазан күні алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа АСК мүшелері және БАҚ өкіліне Ү.Қаздаева қатысты. Отырыс  барысында сайлау науқанын ұйымдастыру, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар сайлау науқаны кезінде атқарылатын жұмыстар, комиссия мүшелерінің міндеттері және сайлау кезеңіндегі ұйымдастыру шаралары жөнінде пікір алмасты.

Отырыста сайлау үдерісін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізу, сайлаушылардың құқықтарын сақтау, тұрғындарға қажетті ақпаратты уақытылы жеткізу және сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026
Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті

Социальные медиа

Бейнеу ауданының әкімдігі
Бейнеу ауданының әкімдігі
Бейнеу ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы