Меню

Страницы

Статья

Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт

Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ.
Жабайы жануарлар арасында құтырма ауруын адамдарға жұқтырудың негізгі көзі түлкі мен қасқыр болады, олардың үлес салмағы 15,8% құрайды.
Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алғаннан соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кейде 1 жылдан аса мезгілде байқалады, көбіне 20 - 60 күннің ішінде адамда құтыру белгілері анықталады.
Аурудың қоздырғышы адамдарға ауырған жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды таратушылар жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ. Олар ірі қара, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мысықтарға ауру жұқтырады. Сондықтан ит, мысық тістеген жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұрлым нәтижелі болмақ.
Құтырма ауруы белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез келген уақытында кездеседі.
Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабілетінен айырылып, өте қиналып өледі. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия», немесе «судан қорқу» деп те атайды.
Адамдар құтырмамен, осы аурумен ауырған аңның (қасқыр, түлкі, ит, қарсақ, мысық т.б.) тістеуінің салдарынан, немесе ондай жануарлардың сілекейі адамның жарақаттанған терісімен жанасып, оның жарасына кірген жағдайда ғана ауырады. Жоғарыда көрсетілген аңдардың ішінде бұл аурудың вирусын сақтайтын негізгі аңдар – қасқыр мен ит болып саналады.
Құтырмамен ауырған аңдар мен жануарлардың мінез – құлқы, жүріс - тұрысы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылықтар пайда болады: мысалы, ит себепсіз үріп, немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей, адамдарға, малдарға, заттарға себепсіз тап беріп, өзін - өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды: ағашты, тасты, сабынды тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді.
Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тікелей жүріп, жолдағы кездескен аңдар мен адамдарды алдын ала ырылдамай – ақ, бірден тістейді. Бұл аурумен ауырған ит ауру басталғаннан кейінгі 5 – ші немесе, 6 - шы күні өледі.

Құтырма ауруымен ауырмас үшін адам не істеу керек?

Егер, жануар немесе ауырған жабайы аңдар қапқан адам немесе жануарлардың сілекейі денесіне тиген адам уақытында медициналық көмек алатын болса, онда біздің арамызда құтырмамен ауыратындар кездеспеген болар еді. Ауруды болдырмауға бағытталған шараларды, егу жұмыстарын өз бетімен тоқтатуға, немесе медицина қызметкерлері белгілеген тәртіпті бұзуға болмайды (арақ ішіп, ащы тағамдарды жеуге), мұндай жағдай орын алса, жүргізілген емдік шаралардың пайдасы шамалы болады.
Егер, түріне қарағанда сау сықылды аң немесе жануар адамды тістеп алса, одан пайда болған жараны сабынды жылы судың көп мөлшерімен мұқият жуып, артынан дәрігерге көріну керек. Егер, сілекей адамның көзіне түскендей болса, онда көзді жылы судың ағынымен мұқият жуу керек.
Құтырманы болдырмауға арналған егу жұмыстары неғұрлым ерте жүргізілсе, мұндай шаралардың нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
Негізінен ауруды тарататындар иттер мен мысықтар болғандықтан, иесіз иттер мен мысықтарды ұстап алып, оларды жоюды қолға алу керек. Ал, үйде ұсталатын иттер мен мысықтар есепке алынып, олар жыл сайын құтырмаға қарсы егілуі тиіс. Үйде ұсталатын иттер мен басқа да жануарлар ауыра қалған жағдайда, оларды тез арада мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексерту қажет.

Естеріңде болсын, құтырма ауруының алдын алуға болады.

Дата публикации
25 июня 2020
Дата обновления
25 июня 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
14 октября 2026
Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті

Социальные медиа

Бейнеу ауданының әкімдігі
Бейнеу ауданының әкімдігі
Бейнеу ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы