Сырт облыстардан әкелген малдарды мал иесі мемлекеттік ветеринариялық ұйымға (Бейнеуветсервис МКК) немесе аудандық әкімдіктің ветеринария бөліміне жаңадан алынып жатқан (әкелінген) жануарлары туралы 3 жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабарлауы тиіс. Мал иесі хабарламаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 406 бабына сәйкес 5 АЕК (13890 тг) көлемінде айыппұл салынады. Ал 1 жылдың ішінде тағыда қайталаса 30 АЕК (83340 тг) көлемінде айыппұл төлейді.
Малды тасымалдау кезінде ветеринариялық анықтама, жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілген ветеринариялық паспорт, жануарларды тасымалдаудың алдында көлік құралына жасалған дезинфекциялық акт құжаты болуы тиіс. Сырт облыстан малды сатып алған кезде тиісті аумақтың ветдәрігері ветеринариялық анықтама құжатын жазып береді. Тасымалданатын жануарлардың бір тобына (партиясына) бір ветеринариялық анықтама беріледі және онда жануарлардың саны тізімі, құлақ сырғалары нөмірлері, сою үшін немесе сату үшін деген мәліметтер көрсетіледі. Осы ветеринариялық анықтама құжатына ауылдың тұрғындары мұқият қарамайды. Мысалы: малды басқа біреуге сататын болсақ ветеринариялық анықтама құжатына сату үшін деп жаздыру керек. Алайда ауыл тұрғындарынан ветеринариялық анықтама құжатына сою үшін деп жаздырып алу жағдайы көптеп кездеседі. Яғни ветеринариялық анықтама құжатқа сою үшін деп жаздырып алса, сатып алған малын басқа біреуге сата алмайды, малын союға тура келеді.
Сонымен қатар сырт облыстардан әкелеген малдардан бруцеллез ауруларының шығуы жағдайлары орын алып тұр. 2017 жылы Боранқұл ауылының тұрғыны М.Кетиевтің Атырау облысы Құрманғазы ауданынан сатып алған 13 бас МІҚ малының 2 басынан бруцеллез ауруы анықталып санитарлық союға жіберілген болатын. 2017 жылы Түпқараған ауданындағы бір шаруашылық Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан әкелген 200 бас сиыр туралы тиісті орындарға хабарламаған. Тек 3-4 ай өткеннен кейін бұл жағдай белгілі болып, тиісті ветеринариялық мекемелердің жануарларға карантиндеу жүргізуі барысында, 9 бас сиыр бруцеллез ауруына шалдыққан болып шықты және бұл жануарлар түгелімен санитарлық союға жіберілді. 2019 жылы осы аудандағы тағы бір шаруашылықтың Атырау облысынан тасымалдап әкелген ұсақ малдары арасынан жұқпалы ауру анықталған болатын.
Осыған байланысты аудан тұрғындары алдағы уақыттан бастап сырт облыстардан әкелген малдарды аудан әкімдігіне немесе ветеринариялық ұйымға дереу хабарлаумыз тиіс