Жеке оңалту бағдарламасы негізінде берілген оңалту құралдарды жергілікті атқарушы органдар арқылы алып отырған болсаңыздар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын 24 түрімен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер көрсету Портал» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидалары (Еңбекмин. 28.08.2018 ж №377 бұйрығы) негізінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету мақсатында «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленді.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен көмек беру жүйесіне қатысушыларға интернет желісінде дәйекті және өзекті ақпаратты жалғыз көзі болады деп жоспарланған.
«Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тәжірибелік
пайдалануға енгізу:
Әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін қысқарту;
қызметтер түрін және қызмет берушілерді таңдау құқығын іске асыру;
қызметтер берушілерді анықтау мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен шығару есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту;
қызмет берушілер арасында адал бәсекелі ортаны қалыптастыру арқылы әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеру;
шағын және орта бизнесін (санаторий-курорттық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарын берушілер) дамытуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Портал» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әлеуметтік қызметтер алушылар мен берушілер (арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және оңалтудың техникалық құралдарын өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мен мамандар) бірыңғай ақпараттық алаңында біріктіріп, сапалы қызметтерге бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Осыған орай, мүгедектігі бар тұлғалар үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) міндетті түрде алу керектігін хабарлаймыз.