Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Бақылауда – 4, Орындалды – 17, орындалған жоқ - 1

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

1.                  

Бейнеу аудандық орталық ауруханасына компьютерлік томогроф, УЗИ эксперт класс аппаратын қондыру

2020 жыл

II тоқсан

Б. Әбілов

Эксперт классты УЗИ аппараты және Компьютерлік томограф медициналық жабдығы пайдалануға берілді.

2.                  

Бейнеу ауылы Ер Шабай көшесіндегі ескі газ құбырларын жаңарту

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б.Әбілов

 

Ер Шабай көшесіндегі ескі газ құбырларын жаңарту жұмыстары бойынша жобалық – сметалық құжаттары жасақталды.

3.                  

Боранқұл, Сарға, Төлеп, Ақжігіт ауылдарын санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Ауданға жедел жәрдемге қолданылатын жеті санитарлық автокөлік берілді

4.                  

Сыңғырлау ауылына кірме жолын орташа жөндеу

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Сыңғырлау ауылына кірме жолына орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

5.                  

Білім және медицина саласына қажетті мамандарды қамту.

2020 жыл

Б. Әбілов

Білім саласы қажетті мамандармен қамтылды. Денсаулық  саласына қажетті  5 маман келді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

6.                  

Атамекен шағын ауданынан  спорт кешенін салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б.Әбілов

Атамекен шағын ауданынан спорт кешенін салу бойынша жобалық – сметалық құжаттары жасақталуда.

7.                  

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының негізгі ғимаратына жедел саты (лифт) орнату

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б.Әбілов

Бейнеу аудандық орталық аурухананың негізгі ғимаратындағы жедел саты (лифт) 9 296 мың теңгеге орнатылды.

 

8.                  

Ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын және автожолдағы бордюрларды реттеу

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б.Әбілов

 

Бейнеу ауылында А.Байтұрсынов, С.Қилыбайұлы, Б.Сарбалаев, Серкебай, Шыңғысов, Ақшағыл, Қайдақ, С.Бегендікұл көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы төселді.

9.                  

Бейнеу ауылы Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев мектептеріне бастауыш сыныптар үшін қажетті гимнастика залын қарастыру

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б.Әбілов

Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев мектептерінің қосымша оқу нысанына гимнастика залы салынды.

10.              

Бейнеу ауылы Тобанияз Әлниязұлы көшесіне асфальтты автожол  және Сүгір Бегендікұлы, Тоқабай Құрмаш көшелеріне қиыршық-тасты автожол құрылыстарына қаражат қарастыру

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында Тоқабай Құрмаш, С.Бегендікұлы, Т. Әлниязұлы көшесіне автожол салынды.

 

11.              

Бейнеу ауылындағы ескі газ құбырлары жүргізілген 25 көшенің газ құбырларын жаңартуға жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

 Аталған 25 көше бес жобаға бөлініп, жобалық – сметалық құжаттарын жасақталды.

 

12.              

Бейнеу ауылындағы канализациялық тазалау имаратының жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Канализациялық тазалау имараты жұмысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №5301 хатына сәйкес жобалауға мораторий жариялануына байланысты тоқтап тұр.

13.              

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары мен жер учаскелері дайын жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Ы. Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептеріне қосымша оқу нысанының құрылысын қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

14.              

Барлық мектептер талапқа сай әжетханалармен қамтамасыз етілсін

2020 жыл қыркүйек

Б. Әбілов

16 мектеп 49,5 млн теңгеге  ішкі әжетханамен қамтамасыз етілді.

15.              

Бейнеу ауылындағы Ы.Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Ы.Алтынсарин мектебіне 331 456,0 теңге. Ж.Қалдығараев  мектебіне  388 132,0 мың теңге қосымша оқу нысаны құрылысын қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

16.              

Аудан орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнату

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына Ә.Қыраубаевқа құны 12,0 млн.теңгені құрайтын Бейнеу ауданының негізгі жол бойына автокөліктердің қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын орнату үшін ұсыныс берілді. (Аудан әкімінің 15.01.2020 ж. №01-26-42 шығыс хаты)

17.              

Төлеп ауылына қиыршық-тасты кірме автожол құрылысын толық аяқтауға қаржы қарастыру;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Төлеп ауылына дейінгі кірме жолының құрылыс жұмыстарына 107 195,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Конкурс жұмыстарын бастауға 500 мың теңге қаржы бөлінді.

18.              

Тұрыш ауылына темір жол өткелі құрылысын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Тұрыш ауылына темір жол өткелі құрылысын бастауға                1 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Облыстық тиісті басқармалардан қаржы толық қарастырылмауына байланысты құрылыс жұмыстары басталған жоқ.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

19.              

Кешкі мектепті Сам орта мектебіне қоспай жеке қалдыру

2020 жыл

Б. Әбілов

Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының Мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру бойынша 2019 жылғы                   16 тамыздағы №02-11/18 хаттамасына сәйкес                             Сам мектебіне Бейнеу кешкі мектептің бірігуіне байланысты кешкі мектеп қызметкерлерін аудандағы басқа мектеп, балабақшаларға орналастырылды.

20.              

Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің аумағында орналасқан шаруа қожалықтарын басқа аймаққа көшірмеу жолын шешу

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі және шаруа қожалық иелерімен жиналыс өткізіліп, орман билеттерін алу жөнінде тапсырма берілді.

 

 

21.              

Жедел жәрдем қызметін шақырту кезінде 40 минут, 1 сағат уақытқа кешігіп келу мәселесі туралы

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Әбілов

2020 жылға Облыстық шұғыл және жедел медициналық қызмет көрсету станциясы типографиямен келісім шартқа отырып, қазіргі таңда аптасына ауданға 500 шақырту картасы уақытылы жеткізіліп отыр.

22.              

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуда кәсіпкерлерге қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

2020 жыл

Б. Әбілов

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге мемлекет меншігіндегі жер уччаскелерін бөлу бойынша 2020 жылы 1 аукцион өткізіліп, жалпы ауданы 34 776 ш.м. бастапқы бағасы 4 771 760 теңге, сатылу бағасы 7 667 690 теңге болатын 10 жеручаскесі сатылып, табысталды.

Ауыл шаруашылығы мақсатында өткізілген 1 конкурс негізінде жалпы ауданы 52 450 га болатын 55 жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін табысталды.

 

 

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
02 декабря 2020