Сервистік әкімдік бойынша
Бейнеу ауданы әкімдігінің ғимаратында ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу кезінде қолайлы қызмет көрсету үшін Сервистік әкімдік ашылды.
Сервистік әкімдік – аудан әкімдігінің ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Әр саланың білікті мамандарымен қамтылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі қарастырылған. Ашылған күннен бүгінгі таңға дейін сервистік әкімдікте 1130 тұрғынға қызметтер көрсетілді.