БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
2020 жылғы «___» _______ № Бейнеу ауылы
«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес және «Түйте» шаруа қожалығының келісімі негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының объектілерін және пайдалану үшін «Түйте» шаруа қожалығының 13-196-009-054 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен ауданы 26,6635 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қоймастан 2058 жылдың 14 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі Б. Әбілов