«Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

2020 жылғы «___» _______                №                                            Бейнеу ауылы

 

 

 

«Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бейнеу ауданының босалқы жерлерінен ауданы 0,0242 гектар жер учаскесіне және Тәжен ауылының жерінен ауданы 0,0456 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 25 (жиырма бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бейнеу ауданының әкімі                                                             Б. Әбілов

«Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
05 ноября 2020