Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 37 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларында:
3 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім), «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісі экономика және қаржы бөлімінің басшысымен немесе оны алмастыратын лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Қабылдау-беру актісінде міндетті түрде қараусыз қалған жануарлардың жасы, тұқымы, түсі, жынысы, жай-күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |