2020 жылдың 9 ай есебі бойынша талдамалық анықтама

  1. 1. ҚР цифрлық даму,  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрінің  01.2020  жылғы  №39/НҚ  бұйрығымен  бекітілген Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  тізіліміне  сәйкес  жергілікті  атқарушы  органдар  арқылы  83  қызмет  түрі  көрсетіледі.  2020  жылдың  9  айы  бойынша  Бейнеу  ауданы  әкімдігіне  қарасты  мемлекеттік  органдар  арқылы  нақты  көрсетілген  қызмет  түрінің  саны  54.  Оның  ішінде:  Мемлекеттік  орган  арқылы  22,  Мемлекеттік  корпорация  арқылы  20,  электронды  веб-портал  арқылы  32. 

Көрсетілген  қызмет  саны  15509,  оның  ішінде:  Мемлекеттік  орган  арқылы  6877,  Мемлекеттік  корпорация  арқылы  1800,  электронды  веб-портал  арқылы  6832. 

  1. 2. Ағымдағы жылдың 9  айы  бойынша  263  негізді  бас  тартулар  болды.  Электронды  түрде  196,  Қағаз  түрінде  67.
  2. 3. ҚР цифрлық даму,  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігінің  ағымдағы  жылдың  маусым  айы  бойынша  ХҚКО ЫАЖ  Мониторинг  жүйесінен  «Бейнеу  аудандық  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  көрсететін  «Неке  қиюды  (ерлі-зайыптылықты)  тіркеу,  оның  ішінде  азаматтық  хал  актілері  жазбаларына  өзгерістер,  толықтырулар  мен  түзетулер  енгізу»  мемлекеттік  қызметі  бойынша  1  (бір)  мерзім  бұзушылық  анықталды.  Нәтижесінде  Бөлімнің  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  секторының  бас  маманы  М.Елтузеровке  «сөгіс»  түрінде  тәртіптік  шара  алынды.   
  3. 4. Бейнеу ауданы әкімдігіне  қарасты  мемлекеттік  органдар  және  оған бағынысты  ұйымдар  тарапынан  көрсетілетін  мемлекеттік    қызметтер  сапасына  ағымдағы  жылдың  9  айы  бойынша  түскен  арыз-шағымдар  болған  жоқ.
  4. 5. 2020 жылға арналған  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  сапасын  бақылау  іс-шараларының  жоспарына  сәйкес  24  объектіге  бақылау  жұмыстарын  жүргізу  жоспарланды.  Аталған  жоспарға  сәйкес  ақпан,  наурыз  айларында  «Бейнеу  аудандық  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі»,  «Бейнеу  аудандық  экономика  және  қаржы  бөлімі»  мемлекеттік  мекемелеріне  ішкі  бақылау  жұмыстары  жүргізілді.  Нәтижесінде  бұзушылықтар  анықталған  жоқ. 

- 28.08.2020  жылы  №51-нқ  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  2019  жылғы  20  желтоқсандағы  №97-нқ  «2020  жылға  арналған  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  саласындағы  заңнамасының  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  заңнамасының  сақталуы  бойынша  ішкі  мемлекеттік  бақылау  іс-шараларының  жоспарын  бекіту  туралы»  өкіміне  өзгеріс  енгізу  туралы»  аудан  әкімінің  өкімі  бекітілді.  Аталған  жоспарға  сәйкес  қыркүйек  айында  «Бейнеу  аудандық  білім  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесіне  ішкі  бақылау  жұмысы  жүргізілді.  Нәтижесінде  5  бұзушылық  анықталды.  Ұсыным  қаралуда.  

  1. 6. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын  арттыру мақсатында 1-жиналыс, 3-дөңгелек үстел, 2-семинар,  8-түсіндіру  жұмыстары  өткізіліп,  1-фейсбук  әлеуметтік  желісіне  мақала  жарияланды.  Барлығы  257  адам  қатысты.
  2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік қызметтері, мүгедектерге протездік-ортопедиялық  көмек  ұсыну үшін  оларға  құжаттарды  ресімдеу және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында онлайн режимінде тәжірибе алмасты.
  3. 8. Бейнеу ауданы әкімдігі  бойынша  48  мекеме  ғимаратында  өз-өзіне  қызмет  көрсету  бұрыштары  жасақталып,  жұмыс  жасап  тұр.
  4. Ағымдағы жалдың қыркүйек айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын анықтау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізуге «Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 300 000 теңгеге конкурс жариялаған болатын. Алайда конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар түскен жоқ. Конкурс шарттарына байланысты 5 жұмыс күнінен кейін конкурс қайта жарияланатын болады.
  5. 10. Бейнеу ауданы әкімдігіне  қарасты  10  ауыл,  ауылдық  округ  әкімінің  аппараттары  бар.  Олар:  көрсетілген  қызмет  түрінің  саны    Көрсетілген  қызмет  саны  14.
  6. 11. ҚР цифрлық даму,  инновациялар  және  аэроғарыш  өнеркәсібі  министрінің  01.2020  жылғы  №39/НҚ  бұйрығымен  бекітілген  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  тізіліміне  сәйкес  төмендегі  қызметтердің  НҚА-лары  бекітілмегендіктен  есептілікке  қосылмаған,  алайда  қызмет  алушыларға  функция  ретінде  қызметтер  көрсетілген.  Олар:
  7. 1. 605 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 0,
  8. 2. (625-7,625-8,625-9,625-10) мемлекеттік қызметтер 609- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» болып біріктірілді 9 айында  көрсетілген  барлық  қызметтердің  саны - 460,
  9. 3. 610 «Жер учаскесін  алу  үшін  кезекке  қою» - 181.

 

 

 

2020 жылдың 9 ай есебі бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
22 октября 2020