Жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Kaz Drill Solution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2019 жылғы 3 маусымдағы № 4727-УВС келісімшарты негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Kaz Drill Solution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 400,0 гектар және 196,0 жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2025 жылғы 3 маусымға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.