Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

 

 

 ж о б а

 

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеуге, жобалауға және пайдалану мақсатында Тәжен ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,3220 гектар жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Тәжен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (М.Жанғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   Тәжен ауылының әкімі                                                           Е.Тарғынов

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
22 сентября 2020