Қауымдық сервитут белгілеу туралы

БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2020 жылғы «___» _______                                        №                                                  Бейнеу ауылы

 

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 14 толықтыру негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақтан пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан ауданы 1690,0 га және 51,605 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2022 жылдың 19 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
  3. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                           Бейнеу ауданының әкімі                                                            Б. Әбілов

 

БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
02 сентября 2020