2020 жылдың жарты жылдық есебі бойынша талдамалық анықтама
- 1. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.2020 жылғы №39/НҚ бұйрығымен бекітілгенМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар арқылы 83 қызмет түрі көрсетіледі. 2020 жылдың 6 айы бойынша Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар арқылы нақты көрсетілген қызмет түрінің саны 48. Оның ішінде: Мемлекеттік орган арқылы 17, Мемлекеттік корпорация арқылы 17, электронды веб-портал арқылы 30.
Көрсетілген қызмет саны 10227, оның ішінде: Мемлекеттік орган арқылы 5590, Мемлекеттік корпорация арқылы 1339, электронды веб-портал арқылы 3298.
- 2. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша 170 негізді бас тартулар болды. Электронды түрде 104, Қағаз түрінде
- 3. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ағымдағы жылдың маусым айы бойынша ХҚКО ЫАЖ Мониторинг жүйесінен «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсететін «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша 1 (бір) мерзім бұзушылық анықталды. Нәтижесінде Бөлімнің азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманы М.Елтузеровке «сөгіс» түрінде тәртіптік шара алынды.
- 4. Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар және оған бағынысты ұйымдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ағымдағы жылдың 6 айы бойынша түскен арыз-шағымдар болған жоқ.
- 5. 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 24 объектіге бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Аталған жоспарға сәйкес ақпан, наурыз айларында «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Қалған 22 объектіге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу бойынша Бейнеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №97-нқ «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімінің қолданылуын Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің аяқталу сәтіне дейін тоқтату туралы 04.2020 жылғы №26-нқ өкімі бекітілді.
- 6. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 1-жиналыс, 3-дөңгелек үстел, 2-семинар, 2-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Барлығы 204 адам қатысты.
- 7. Бейнеу ауданы әкімдігі бойынша 46 мекеме ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, жұмыс жасап тұр.
- 8. Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты 10 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттары бар. Олар: көрсетілген қызмет түрінің саны Көрсетілген қызмет саны 10.
- 9. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.2020 жылғы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес төмендегі қызметтердің НҚА-лары бекітілмегендіктен есептілікке қосылмаған, алайда қызмет алушыларға функция ретінде қызметтер көрсетілген. Олар:
- 1. 605 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 0,
- 2. (625-7,625-8,625-9,625-10) мемлекеттік қызметтер 609- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» болып біріктірілді 6 айында көрсетілген барлық қызметтердің саны - 205,
- 3. 610 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 112.
- 10. 91 «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» қызметі бойынша (ҚР Білім және ғылым министрінің 06.2020 жылғы №264 бұйрығымен қағидасы бекітілген) қаңтар-маусым айлары аралығында көрсетілген қызмет саны - 68. Барлығы қағаз түрінде көрсетіліп, есептілікке қосылды.