Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 2) тармақшасына, 20 – 1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы №32/267 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3820 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихат хатшысы
Ш.Азанов А.Ұлұқбанов
Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы № шешіміне қосымша
Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
|
№ |
Атауы |
Есептік бірлік |
Баға, теңгемен (ҚҚС есептелмегенде) |
|
1. |
Жайлы үйлердің тұрғындарға үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифі |
1 адам/ айына |
258,07 теңге |
|
2. |
Жайсыз үйлердің тұрғындарға үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифі |
1 адам/ айына |
284,14 теңге |
|
1 м³ |
1564 теңге |
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС – қосылған құн салығы.