Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы №32/266 «Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы №05-10-1070 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
10- тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Қалдықтармен жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.»
күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихат хатшысы