Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

БЕЙНЕУ   АУДАНЫ   ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2023 жылғы  10 сәуір                     №84                                     Бейнеу  ауылы

Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3568 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бейнеу ауданының әкімі                                                           Б. Әбілов

 

Дата публикации
12 апреля 2023