Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды айқындау туралы

Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды айқындау туралы

         Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты                  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып айқындалсын:

         Бейнеу ауылында орналасқан «Әли Балта» атындағы орталық стадион.

         Шерулер мен демонстрациялар өткізу орны болып келесі маршрут белгіленсін:

         Бейнеу ауылындағы С.Бейбарыс көшесі мен Д.Тәжіұлы көшесінің қиылысынан бастап М.Өтемісұлы көшесі мен Д.Тәжіұлы көшесі қиылысына дейін автокөлік жолы.

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі айқындалсын.
  2. Бейнеу аудандық маслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2/18 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3047 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2017 жылғы 15 мамырдағы №13/107 «Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/18 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3381 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы  27 маусымда Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың сессиясының төрағасы

 

Аудандық мәслихат хатшысы

Проект решения
Дата публикации
08 июня 2020