Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша (қалалар мен аудандар әкімдерінің тарапынан орындалатын)
ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс – шара атауы |
Жауапты |
Мерзімі |
Қаражат талап етіледі/ етілмейді |
Шешу жолдары
|
|
Бейнеу ауданы – 27 тапсырма Орындалды – 8 Бақылауда - 19
|
|||||
|
1. |
Сарға ауылынан 15 км жерде орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты полигонды қауіпсіз жерге көшіру бойынша жұмыстарды пысықтау (Мереев Өмір)
|
Б.Орынбасаров Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Сарға ауылы тұрғындары мен аудан тұрғындарына полигонды одан ары қарай көшіру табиғи фактілерге байланысты мүмкін еместігі (ары қарай батпақ, сор жерлер) бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік ресми парақшаларда полигон шекарасын кесіп өтуге қатаң тыйым салынғаны жөнінде хабарлама жарияланды. Ақпарлама: ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты полигон Сарға ауылына жақын жерде орналасқандықтан ауыл маңында жайылып жүрген үй жануарлары полигон аймағына жайылатын жағдайлар орын алды. |
|
2. |
Сарға ауылында кейбір үйлердің ауласынан газдың сыртқа кетуі анықталып, оған төлем алынған, осы мәселені анықтап түсіндіру жұмыстарын жүргізу (Мереев Өмір)
|
Б.Орынбасаров Б.Әбілов Б.Қартбаев С.Ешманов (келісім бойынша) |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда «Каз Транс Газ Аймақ» АҚ бөлімшесімен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ескі газ құбырларын ауыстыруға жобалық сметалық құжаттары жасақталып (20.05.2021 ж. № ГОСТЭ-0017/21), қазіргі таңда ауыстыру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «Арай-НС» ЖШС анықталды. Келісім-шарт құны - 702,754 млн. тг. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі болып саналады. Ақпарлама: Ауылдағы тұрғындар бірнеше жыл бұрын тұрғындардың өз есебінен тартқан тозығы жеткен газ құбырларымен табиғи газды тұтынып отыр. Газ құбырлары техникалық талаптарға сай емес, сондықтан жылыту маусымы кезінде газ қысымы жетіспеу жағдайы орын алды. |
|
3. |
Сарға ауыл тұрғындарын, оның ішінде жастардың тұрақты түрде спортпен шұғылдануына жағдай жасау (Дүйсенов Жасұлан)
|
Г.Қалмұратова Б.Әбілов Қ.Жұмабаев |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Ауыл тұрғындарына, оның ішінде жастардың тұрақты түрде спортпен айналысуы үшін ауыл мектептерінде 4 спорттық секция (қазақша күрес, дзюдо, волейбол, тоғызқұмалақ) үйірмелері бар. Сонымен қатар жастарды спортқа баулу, ынталандыру мақсатында арнайы мереке күндері жарыс ұйымдастырылып тұрады. Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатының басшылығы мен ауыл азаматтарының арасында өзара келісім жасалып, спорт залды тиімді пайдалануда. |
|
4. |
Төлеп ауылына мектеп құрылысын салу мақсатында ЖСҚ дайындау жұмыстарын бастау (Есентурлиев Оңайбай) |
Г.Қалмұратова Б.Әбілов Г.Қызылғұлова М.Альбекова С.Нарешова А.Манкешова |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы мен білім басқармасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен ЖСҚ жасақтау жұмыстарын ұйымдастыруда. Ақпарлама: Төлеп ауылы (бұрынғы Каменный поселкесі) 1965 жылы құрылған. Сол жылы А.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешенінің ғимараты салынған. Аталған ғимарат қазіргі заман талаптарына сай емес. |
|
5. |
Төлеп ауылының балаларын спортқа тарту мақсатында ауылдан шағын футбол алаңын салуға қаржы бөлу (Есентурлиев Оңайбай) |
Г.Қалмұратова Б.Әбілов М.Альбекова Қ.Жұмабаев А.Манкешова
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Ауылға спорт алаңын орналастыруға бюджеттен қажетті қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер - КББ Групп Сервис А.ж. қараша айында аяқталуы күтілуде. Ақпарлама: Төлеп ауылы бойынша мектеп ауласында орналасқан ашық алаңды қоспағанда, ауыл бойынша ашық спорт алаңы салынбаған. |
|
6. |
Төлеп ауылында ұрлықтың көбеюуіне байланысты аудандық полиция бөлімі басшысы ауылға жиі келіп тұрса (Есентурлиев Оңайбай)
|
А.Дүйсембаев (келісім бойынша) Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Бүгінгі таңда ауылда мал ұрлығы туралы фактілер жоқ. Ауылдың учаскелік полиция инспекторы өзіне тиісті жұмыстарын жүргізуде. |
|
7. |
Төлеп ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратын кеңейту (Есентурлиев Оңайбай) |
Г.Қалмұратова Б.Әбілов А.Жұмыров
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бақылауда Жаңадан салынатын мектеп құрылысы аяқталған жағдайда, аталған ғимараттағы мемлекеттік мекемелерді ескі мектеп ғимаратына көшіру жоспарлануда. Ақпарлама: Төлеп ФАП-і ғимараты 2004 жылы салынған. 1 акушер, 2 медбике, 2 тех.қызметкер жұмыс жасайды. Аталған ғимаратта ауыл әкімшілігі орналасқан. Әкімшілік қызметкерлеріне бөлек ғимарат беріліп, медицина қызметкерлеріне кабинеттер қайтарылу жөнінде мәселе қойған. |
|
8. |
Ақтаудың бір мектебіне Бердалы Отарұлының есімі берілсе (Есентурлиев Оңайбай)
|
Г.Қалмұратова П.Сармурзина |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бақылауда Аудан әкімінің орынбасары Ж.Теміровтың атынан мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы П.Сармурзинаға облыс орталығындағы білім ордасына батырдың атауын беру жөнінде ұсыныс хат жолданды. (20.06.22ж. №01-26-602) Бердалы Отарұлын тарихи тұлға қатарына қосу жөнінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан ҚР Президент Әкімшілігіне ұсынды. Қазіргі таңда Бердалы Отарұлы Маңғыстау облысының тарихи тұлғасына енгізілді. Мектепке атау беру ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен жүзеге асырылатын болғандықтан, тарихи тұлғаның есімін беру бойынша жұмыстары жүргізілуде. Яғни облыстық онамастика комиссиясына құжаттары жасақталуда. А.Ж. соңына дейін ұсынылады.
Ақпарлама: Облыс бойынша нысандарға батырдың аты берілмеген. Бердалы Отарұлы руы Адай (Ескелді) Маңғыстау жеріне алғаш келген адайлардың бірі. Түрікпендердің қолынан елші ретінде барғанда қаза тапқан. Батырдың қазасы түрікпендердің Маңғыстау жерін тастап кетуге себеп болған. Бейіті Жармыш ауылының маңында орналасқан. |
|
9. |
Төлеп ауылында газ құю бекеттері ашылса (Ұзақова Гулнур)
|
Б.Орынбасаров Б.Әбілов Б.Қартбаев
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Ауылдан газ құю бекетін ашуға 2 Төлеп ауылының тұрғыны жұмыстанып жатыр. Алдағы уақытта нысанды ашуға мемлекеттік қолдау шаралары толық өз деңгейінде көрсетіледі. Ақпарлама: Төлеп ауылы бойынша газ құю бекеті жоқ. Тұрғындар Бейнеу ауылында орналасқан ГҚБ-не барады. |
|
10. |
Төлеп ауылында темір жол станциясында поезға міну үшін жағдай жасау (темір жол перроны) (Ұзақова Гулнур) |
Б.Орынбасаров Б.Әбілов А.Қалиев Н.Ғұбашев (келісім бойынша)
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бақылауда Теміржол станциясын қайта жаңғырту бойынша ауыл әкімдігі мен облыстық темір жол станциясы арасында тиісті жұмыстарды ұйымдастырылуда.
Қазан айында ҚТЖ АҚ Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі басшысы М.Бақтыгереевке мәселені назарға алып, жағдай жасау бойынша хат жолданды. Ақпарлама: Теміржол станциясында бірінші жолға келіп тоқтаған поезға мінуге жағдай жасалынған. Тұрғын 2-3 жолға тоқтаған поезға міну қиындық тудыратынын айтқан.
|
|
11. |
Төлеп ауылындағы мектептің ауа-райы қолайсыздығынан түсіп қалған шатырының мәселесі
|
Г.Қалмұратова Г.Қызылғұлова М.Альбекова А.Манкешова
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Орындалды Ә.Махутов атындағы орта мектеп басшылығы шатыр құрылысына ЖСҚ жасақтап, облыстық білім басқармасына қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім берді. Қазіргі таңда 14,048 мың теңге қаржы қарастырылды. Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақпарлама: Ағымдағы жылдың басында қатты жел салдарынан мектеп шатыры түсіп қалған. |
|
12. |
Тәжен ауылы әкімдігін жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі
|
Б.Әбілов Г.Қызығұлова М.Альбекова А.Манкешова С.Нарешова
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бақылауда 2022-2023 жылы оқу жылына мектепті 11 сыныпқа дейін оқыту жоспарланды. Аталған білім ордасынан әкімдікке кабинет беру тиімсіз. Ақпарлама: Әкімдік контейнерлерден құралған ғимаратта орналасқан. |
|
13. |
Ақжігіт ауылында орналасқан 4 блокты 64 пәтерлі үйдің апаттық жағдайын анықтау, тұрғындарға көп пәтерлі коммуналдық-муниципалдық тұрғын үй салу мәселесін пысықтау
|
Б.Орынбасаров Б.Әбілов Б.Қартбаев А.Манкешова М.Альбекова С.Нарешова
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Ақжігіт ауылында көп пәтерлі коммуналдық-муниципалдық 3 тұрғын үй салу жұмыстарына жобалық-сметалық құжат жасақтауға қаржы бөлу жөнінде құзырлы мекемеге бюджеттік өтінім жолданды, қазіргі таңда қаржы бөлінген жоқ. Тұрғындарды заң аясында жалдамалы пәтерге көшіру бойынша мәселелер қарастырылуда. Ақпарлама: 2018 жылы арнайы тексеру нәтижесінде тұрғын үй апаттық деп танылмаған. Күрделі жөндеуді қажет ететіндігі анықталған. Қазіргі таңда 64 пәтердің 13-нде тұрғындар тұрады. |
|
14. |
Ауданның ауылішілік маршрут қызметінің сапасын жақсарту (Салқынов Ғабит)
|
Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Бейнеу ауылішілік 6 маршрут бағытында 10 автобус қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда, тасымалдаушы шығынын субсидиялау мәселесі бойынша барлық құқықтық құжаттар дайын. Тек қана қаржылы қолдау қажет. Жыл соңына дейін субсидиялау жұмыстарын бастау үшін 2 млн. теңгеге жергілікті бюджетке сұраныс берілді. Сонымен қатар 2023-2025 жылдар аралығына жыл сайын 61 092 000 теңге көлімінде жолаушылар тасымалына қаржылық қолдау көрсету бойынша бюджетке өтінім берілді. Ақпарлама: Ауылішілік маршрутты субсидиялау алғаш рет жүргізілгелі отыр. Шара қолдау тапса, ауылішілік маршрут автопаркін жаңартуға мүмкіндік болады. |
|
15. |
«Бейнеу-Шалқар» тас жолын салу (Тасболатов Ерболат) |
Б.Орынбасаров А.Қалиев Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Аталған тас жол республикалық маңызы бар авто жол болғандықтан, бұл жобамен ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі ЖСҚ құжаттарын жасақтау жұмыстарын үйлестіруде. Қазіргі таңда аталған министрлік тарапынан ЖСҚ жасақтау үшін бөлінетін қаражат көлемін анықтау мақсатында ҚР Экономика министрлігінен экономикалық қорытынды алу күтілуде. Ақпарлама: Бейнеу-Шалқар бағытында қазір «Алматы-Маңғышлақ» темір жол поезы жүреді. Аталған бағыт бойынша тас жол салынған жағдайда шамамен жол 600-700 км қысқарады. Бейнеу – Шалқар тас жолы бойында 7 елді мекен орналасқан. Олар Сам, Ноғайты, Тұрыш, Байқадам, Бегімбет, Аққайтым және Қызылжұлдыз елді мекендері және тұрғындар саны 107 027 адам. Осы елді мекендерді автокөлік қатынасымен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Бейнеу-Доссор-Ақтөбе-Шалқар» тас жолының ұзындығы 1167 км құрайды. |
|
16. |
Теміржолшыларды спорт кешенімен қамтамасыз ету (Айдынбайұлы Бауыржан) |
Г.Қалмұратова Қ.Жұмабаев Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Теміржол мекемесі жанынан воркаут жаттықтыру кешенін салу қарастырылуда. Ақпарлама: Теміржол мекемесі жанында спортзал кешені жоқ. Теміржол қызметкерлері бос уақытында спорт мектебі және дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратында спортпен шұғылданады. |
|
17. |
Бейнеу ауылында орналасқан орталық базардың автокөлік тұрағын реттеу (Өсерова Баян)
|
Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Орталық базардың автокөлік тұрағы реттелді. Яғни бір жақты кіру талабы (одностороннее движение) енгізілді. Ақпарлама: Орталық базар маңында екі жақты кіру-шығу бағыты себебінен белгілі уақыттарда көлік кептелісі болып тұратын. |
|
18. |
Бейнеу ауылындағы М.Жұмабаев көшесінің тұрғын үйлерін орталықтандырылған ауыз су құбырына қосу (Өсерова Баян)
|
Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Орындалды Бейнеу аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан аталған көшенің тұрғын үйлерін су құбырына қосу үшін қосымша бөлшектер сатып алу жұмыстарын жүргізді. 2022 жылдың қыркүйек айында орталықтандырылған су құбырына қосылды. Ақпарлама: М.Жұмабаев көшесі Бейнеу ауылына су құбырын жүргізу бойынша жобаға енгізілмеген. 2021 жылы мердігер мекеме тарапынан көшеге құдық қазу және құбыр тарту жұмыстары жүргізілді. |
|
19. |
Халық руханиятын дамытуға бағытталған жұмыстарды жандандыру (Өсерова Баян)
|
Г.Қалмұратова П.Сармурзина Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Мемлекеттік ресми мейрамдар мен мерекелерге байланысты іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Ақпарлама: 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты мерекелік іс-шаралар уақытша тоқтатылған болатын. |
|
20. |
Аудан тұрғындарының үйлеріне өздерінің қаражатына жүргізген газ құбырларын стандартқа сай қайта жүргізу (Хамиева Шолпан) |
Б.Орынбасаров М.Альбекова Б.Қартбаев Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Бейнеу ауданы тұрғындарының 23 %-ы (16384 адам) бірнеше жыл бұрын тұрғындардың өз есебінен тартқан тозығы жеткен газ құбырларымен табиғи газды тұтынып отыр. Газ құбырлары техникалық талаптарға сай емес, сондықтан жылыту маусымы кезінде газ қысымы жетіспеу жағдайы орын алып отыр. Қазіргі таңда, Бейнеу ауылындағы Боқанұлы, Шолтаман, Тұрсын; Қашаған-1,2, Ж.Аймауытов, Жұмабаев 1,2; Шыңғысов, Есекмерген, Байтұрсынов, Айшуақов, Ер Бегей; А.Тілеуұлы, Әлиев, Ер Шабай, Ер Қонай, Ер Қосай, Мәтжан би, Айбергенов; Нұрпейісова, Сәттіғұл, Жамбыл, Абай, Құрманғазы, Сүйеубаев көшелеріне және Сарға ауылына газ құбырын жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Арай-НС» ЖШС.
Есет, Ақжігіт ауылдарына газ құбырын жүргізу мақсатында бюджеттік өтінім берілді.
Ақпарлама: Бірнеше жыл бұрын тұрғындардың өз есебінен тартқан тозығы жеткен газ құбырларымен табиғи газды тұтынып отыр. Газ құбырлары техникалық талаптарға сай емес, сондықтан жылыту маусымы кезінде газ қысымы жетіспеу жағдайы орын алып отыр. |
|
21. |
Инватакси қызметінің жетіспеушілігі (Қожақов Шаншарбай) |
Г.Қалмұратова А.Шопанов Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Қазіргі таңда 1 дана Инватакси көлігі бар. Екінші Инватакси көлігіне 22 млн.тенге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сату-сатып алу жұмыстары 3 рет жүргізілді. Алайда аталған көліктің қымбаттап кетуіне байланысты қызмет көрсетуші табылған жоқ. Соңғы аудандық маслихаттың шешімімен 3,5 млн. тг қаражат қосымша бөлінді. 2022 жылдың қазан айында жаңа 25,5 млн. теңгеге конкурсқа ұсынылды. Ақпарлама: Уақытында 1 дана инвотакси қызметі 2-3 шақыру түскенде шақырылған орынға кешігу сәттері орын алып отырды. |
|
22. |
Ауданның жұмыссыздық мәселесін шешу (Қожақов Шаншарбай) |
Г.Қалмұратова А.Шопанов Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Бақылауда Қазан айы бойынша 3315 жұмыс орны ашылды. (Жылдық жоспар 2400, орындалысы – 138%) Ресми тіркеудегі жұмыссыздар – 1913 (5,3% деңгей) Жұмыспен қамту шараларына – 2374 адам қамтылды. Ақпарлама: Өткен жылдың 6 айы салыстырғанда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 292 адамға көбейіп, 1740-қа жетті. (2021 ж. - 1448). Себеп – Тенгиз кен орнында жұмыс орындарының азаюы, өндірістік орындардың уақытша тоқтауы. |
|
23. |
Аудан орталығында темір жол вокзалын жаңадан салу (Айдынбайұлы Бауыржан)
|
Б.Орынбасаров А.Қалиев Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Жергілікті бюджеттен темір жол вокзалын жаңадан салу мүмкіндік жоқ. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы мен бірлесіп инвестор іздестірілуде. Ақпарлама: Темір жол вокзалының ғимараты 1986 жылы салынған. Қазіргі таңда аудан халқы 72,8 мыңға жетті. Күніне 24 бағытта, оның ішінде 6 бағытта халықаралық темір жол пойызы өтеді. Жалпы ауданы 205,4 ш. м. оның ішінде күту залының ауданы 83 ш. м. Есептік сыйымдылығы 50 жолаушыға, отыратын орын саны – 28. Жолаушылар поездары 1-ші, 2-ші 3-ші қабылдау-жөнелту жолдарында қабылданады. 1 - ші және 2-ші жолдар төмен жолаушылар платформасымен жабдықталған.
|
|
24. |
Бейнеу ауылы ішінде жаяу жүргіншілер жолын салу (Өсерова Баян) |
Б.Әбілов |
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Биылғы 2 жаңа жаңа жаяу жүргіншілер жолы және 3 көшенің жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда С.Бейбарыс көшесінің жаяу жүргіншілер жолы жүргізілуде. Жаяу жүргіншілер жолын салу және қалпына келтіру жұмыстарына 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар жасақталып, кезең - кезеңімен жүргізілетін болады. Ақпарлама: Бейнеу ауылы бойынша 156 көше бар. Бүгінгі күнге жаяу жүргіншілер жолы 46 көшеге салынған. |
|
25. |
№2 бекетте алма бағына су құбырын тарту (Мұқанова Айнаш) |
Б.Орынбасаров Б.Қартбаев Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Су құбырын тартуға «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ауызсу лимитінің жетіспеушілігінен уақытша тоқтатты. Ақпарлама: «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС әр ауданға лимитті 1 жыл бұрын бекітеді. Жыл ішінде лимит көлемін өзгерту мүмкін емес. |
|
26. |
Көпқабатты пәтер үйлерінен шыққан тазартылған кәріз суларын жоңышқа егуге пайдалану (Мұқанова Айнаш)
|
Б.Орынбасаров Қ.Ташимов Б.Қартбаев Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Қазіргі таңда тазартылған кәріз суы «Есенғали» орманының жасыл желектеріне пайдаланылуда. Ақпарлама: 2014 жылы ақын Есенғали Раушановтың демеушілігімен құрылды. Бейнеу ауылының солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Көлемі - 19,987 га құрайды.Ағаш саны - 3 760 түп.
|
|
27. |
Аудан орталығынан оқушылар сарайын салу (Ақан Дауыстыұлы) |
Г.Қалмұратова М.Альбекова Г.Қызылғұлова Б.Әбілов
|
2022 жыл желтоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Қазіргі таңда аудандық әкімдік тарапынан Бейнеу ауылының батыс аймағынан жер белгіленді. Сыйымдылығы 3000 орындық ғимарат салуға «Жайлы мектеп» жобасына ұсыну қарастырылуда. Бюджеттік өтінім 2023 жылы беріледі. Қаражат Республикалық бюджет есебінен жүргізу жоспарланды. Ақпарлама: Ауданда 24 мектеп, оның ішінде 6 мектеп-бөбекжай бар. Қазіргі таңда аудан мектептерінде 18 850 оқушы бар. Мектеп жасындағы балаларға уақытын тиімді өткізу мақсатында Қ.Бақтыбайұлы ат. Өнер мектебі, Балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, сонымен қатар «Каспий» жүзу бассейні, шахмат, аралас-жекпе жек клубтары жұмысын атқаруда. |