ПЛАН ДЕЙСТВИЙ по итогам встречи акима Мангистауской области Н.А.Ногаева с жителями Мангистауской области

 

Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

№

Іс – шара атауы

Жауапты

Мерзімі

Қаражат талап етіледі/ етілмейді

Шешу жолдары

 

Бейнеу ауданы – 25 таспырма

Орындалды – 17

Бақылауда - 8

 

1.         

Бейнеу ауданы Сарға ауылында ауыр жүк көліктерінің өтуіне байланысты тоқ желілерінің өшуі жиіленуде. Тиісті шаралар қарастыруды сұрайды.

(Мереев Өмір)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов Б.Қартбаев

А.Қалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Бейнеу ауданы аумағынан  ауыр жүк көліктері айналып өтуі бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аудан аумағынан арнайы үлкен габаритті жүктерді алып өтуге Бейнеу ауылы, №2 теміржол станцасы маңынан жаңа автомобиль жолына арнайы жер берілді.

Ақпарлама:

Ақтау-Атырау-Өзбекстан Республикасы шекарасы тас жолы бойында Үлкен көлемді ауыр жүк көліктері  Сарға елді мекені жанынан өткенде  тоқ желілерінен уақытша ажырату жұмыстары жүргізілетін. Арнайы жер берілу арқылы, ажырату жұмыстары жүргізілмейтін болды.

2.         

Теміржол станцияларында  электромеханик және кезекші электрмонтерларды біріктіру салдарынан қысқартылатын кезекші мамандарды жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру

(Сисенов Айдос)

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов

А.Қалиев

А.Шопанов

Н.Ғұбашев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2020 жылдан бастап «Поездар қозғалысын басқару орталығы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында жыл сайын бірқатар шағын станцияларда диспетчерлік орталықтандыру кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр.

2022 жылға электромеханик лауазымдарын станция бастықтарымен және электромонтерлерді станция бойынша кезекшілермен біріктіріп, Жүк тасымалы штатын 195 бірліктен 120 бірлік мөлшерінде «Магистральдық желі Дирециясы» филиалына беру жоспарланған, яғни 75 штаттық бірлікті оңтайландыруды көздейді (Маңғыстау/Атырау/Қызылорда кіші бөлімдері және Ақтөбе/Алматы/Семей Нодтары).

Маңғыстау бөлімшесі бойынша 2022 жылдың 01 тамызынан  бастап 29.06.2022 ж. № 06/02 хаттамасы негізінде  станция кезекшілерінің штаты қысқартылып, электромонтерлер мен станция кезекшілері бір штатқа біріктірілді. Штаттық кестедегі 51 қызметкердің 31 қызметкері «Магистральдық желі Дирециясы» филиалына ауысты.

 Қалған 20 қызметкердің 6 жаңа мамандыққа оқыту бағдарламасы аясында машинист көмекшісі қызметіне оқытылып жатыр, оқуы аяқталғасын ваканттық орынға ауыстырылады, 5 қызметкер ерте зейнетке шығу бағдарламасы аясында бұйрық күтіп отыр, қалған 9 қызметкер ваканттық орындарға орналастырылып жұмыспен қамтылды. Жүк тасымалы компанияның барлық мүмкіндіктері мен жұмыскерлердің мүдделерін ескере отырып, әрбір жұмыскермен жеке жұмыс жүргізді.

Жобаны іске асыру барысында жаппай қысқартуларға жол берілген жоқ және рәсімнің ашықтығы Жүк тасымалы кәсіподағының қатысуымен арнайы комиссиялардың жұмысымен қамтамасыз етілді.

3.         

Бейнеу ауданында табиғи газ және электр энергиясын тұтыну тарифін азайту мәселесі

(Дүйсенов Жасұлан)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Б.Қартбаев

Ж. Салимов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Қолданыстағы тарифтер мен төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің құзыреті шегінде бектілетіндігі түсіндірілді.

4.         

Бейнеу ауданы бойынша білім саласында көп жылдар бойы төмен көрсеткіш көрсетіп жүрген мектеп директорларының жұмысына талдау жүргізіп, ауыстыру, ротациялау жұмыстарын ұйымдастыру

(Избасарова Айгерім)

 

 

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы                               11 қарашадағы  № 559 бұйрығының        12-тармағына сәйкес  Комиссия шешімі бірінші басшының портфолиосын комиссияның қарауын ескере отырып, осы ұйымдағы лауазымына тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл бойы қызмет атқарған бірінші басшылар үшін қабылданады.

Комиссияның шешiмi бойынша бiрiншi басшының осы ұйымдағы қызмет мерзiмi үш жылға ұзартылады. Комиссия ротациялау туралы шешім қабылдайды немесе бірінші басшы еңбек шарты бойынша жұмысын жалғастырады.

Жеті және одан да көп жыл қызметте болған бірінші басшылар ротациялауға жатады.

Сарға елді мекеніндегі білім беру ұйымдарының басшыларының мерзімі жетпегендіктен ротациялауға жатпайды.

Аудан көлемінде қазіргі таңда 3 бөбекжайдың, 1 мектеп директоры ротацияланды.

 

 

5.         

Белгісіз себептермен қайтыс болған адамды арнайы тексеру жүргізетін (суд.мед.эксперт) маманмен қамтамасыз ету 

(Жубаев Сағынғали)

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов

А.Жұмыров

Д.Кесікбаева

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Бейнеу ауданы орталықтан 500 км қашықтықта орналасуына, халық санының  күннен күнге өсуін және сот сараптамасын жүргізуді қажет ететін жағдайлардың тіркеуінің  жоғарлығын ескере отырып  ҚР Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығының Маңғыстау облысы бойынша сот сараптамалар институтының филиалына  2022 жылдың 05 сәуір айында  №04-16-297, 22 тамыз № 01-26-882  сұраныс  хаттары жолданып, қыркүйек айында  ҚР Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығының облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, 2023 жылы ауданға штат ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы хабарланды.

 

6.         

Сарға ауылының үстімен басқа өңірлерден өтетін поездарды 3-5 минутқа аялдау мәселесі бойынша «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ұсыныс беру

(Жубаев Сағынғали)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

А.Қалиев

Н.Ғұбашев

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Қазіргі уақытта №313/314 «Маңғыстау-Атырау» бағытында күнделікті қатынайтын жолаушылар пойызының Сарға ауылында аялдамасы бар.

          Бұдан басқа, жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты, 2022-2023 жылдары №613/614 «Орал-Құлсары» қатынасындағы жолаушылар пойызының маршрутын Бейнеу станциясына дейін ұзарту жоспарлануда, ол пойыздың да Сарға ауылында аялдамасы болады.

Қосымша Бейнеу ауылы мен Сарға ауылына күніне 2 рет ауыл арасына қатынайтын қоғамдық көлік жүргізілді.

7.         

Бейнеу ауданы тұрғындарын «Тепке» ЖШС мұнай бұрғылау мекемесі толық іске қосылған жағдайда жұмысқа қабылдау

(Есентурлиев Оңайбай)

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов А.Шопанов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

«Меридиан Петролиум» ЖШС және «Тепке» ЖШС өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде мұнай өндіру жұмыстарын басталған уақытта Бейнеу ауданынан және Төлеп ауылы тұрғындарының арасынан мұнай-газ саласы бойынша мамандарды жұмысқа қабылдайтынын хабарлады. Қазіргі уақытта арнайы меморандум жасақталып,  3 ауыл тұрғыны жұмысқа орналасты.

 

8.         

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылындағы Жаманайрақты жерінен тұз өндіру мекемесін ашу мүмкіндігін қарастыру

(Есентурлиев Оңайбай)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Ж.Тоқбаева

Е.Дүзмағамбетов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын  пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 60-бабына сәйкес,  Жаманайрақты жерінен тұз қорын барлау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия алу мақсатында осы Кодекстің 187-бабында көрсетілгендей  пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға Құзыретті органға, яғни  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігіне  өтініш беруі қажет.

Барлауға арналған лицензия негізінде Жаманайрақты жерінен тұз қоры бекітілген жағдайда, осы Кодекстің 204-бабына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігіне пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға өтініш беруге мүмкіндік болатындығы туралы Бейнеу ауданы әкімдігіне 24.05.2022 жылы № 04-10-424 шығыс хатымен хабарланды.

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден несие алған жағдайда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру мемлекеттік қолдаулар қарастырылған.

Сұрақ қоюшы  азамат Есентурлиев Оңайбайға  жоғарыда аталған ақпараттарды түсіндіру барысында азаматтың негізгі ұсынған сұрауы, Жаманайрақты жерінен тұз өндіруге инвестор тартуды сұрайды, осы арқылы жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, тұз өндірісіне жол ашу екені анықталды. Осыған байланысты, пайдалы қазба өндірісіне қызығушылық танытқан мекемелер мен жеке тұлғаларға Жаманайрақты жерінен тұз өндіру мәселесі ұсынылуда екендігі қаперге беріледі.

9.         

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылына жеңілдетілген бағамен жем шөп жеткізуді ары қарай жалғастыру  (Есентурлиев Оңайбай)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Қ.Ташимов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Бейнеу ауданы бойынша ағымдағы жылдың бастапқы айларында операторлармен шамамен барлығы 661,4 тонна жем, 900 тоннадай шөп арзандатылған бағада жеткізілді. Оның ішінде кебек 1 кг 50 теңгеден (қап 1000 теңге),  әр түк шөп салмағына қарай 760 теңгеден, рулоны 10 000 теңгеден сатылды.

Ал қазіргі уақытта төрт түлік малдың табиғи жайылымға жіберілуіне байланысты әкелінген мал азығына сұраныс аз болуда. Сол себепті де тасымалдап әкелінетін жем-шөптің бағасы тұрақталды. Биылғы жылы жауын-шашынның қалыпты түсуі себепті, алдағы уақытты мал азығына деген сұраныс аз болады деп болжануда.

Тиісті жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

 

 

10.     

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан құс фабрикасын ашу үшін инвестор тарту

(Есентурлиев Оңайбай)

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Қ.Ташимов

Ж.Тоқбаева

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Жалпы соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы төмендетілген пайызда (6%) несиелер беріліп келді. Биылда осы бағытта республикалық бюджеттен 691,1 млн теңге бөлініп, ресми құжаттары рәсімделуде.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктермен де несие беріліп келеді.  Банктерден алған несиелердің сыйақы мөлшерлемесінің 10% на дейіңгі көлемін субсидиялау, кәсіпкердің кепілі болмаған жағдайда кепіл болу секілді мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Мұндай мемлекеттік қолдаулар туралы басқарма қызметкерлерімен облыс көлемінде жыл сайын жүрмелі түсіндірме жұмыстары  жүргізіледі. 

Алайда, кәсіпкерлер арасында Бейнеу ауданы бойынша құс фабрикасын ашуға ниет білдіргендер болған жоқ.

11.     

Бейнеу астық терминалын іске қосу үшін инвестор тарту жұмыстарын жүргізу

(Есентурлиев Оңайбай)

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Қ.Ташимов

В.Мұстапаева

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Қазіргі таңда «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ есебінен кәсіпорынның астықты қайта өңдеу және сақтау жөніндегі 3,5 млрд.теңге кепілдік берешегі, сондай-ақ жалпы сомасы шамамен 127,2 млн.теңге мемлекеттік салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері өтелді.

2022 жылдың қаңтар айында  уәкілетті органының шешімімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминал қызметін жалғастыру құқығын банктің еншілес компаниясы «КУСА Халық» ЖШС берген.

 Өз кезегінде,  «КУСА Халық» ЖШС банктың ресми сайты арқылы (www.halykzalog.kz) «Бейнеу астық терминалы» ЖШС-н 4, 23 млрд теңгеге сатуға шығарған. Банк қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, әрбір сатып алуға ниетті кәсіпкер аталған терминалды 100% сатып алу арқылы немесе банктің шарты негізінде жалға ала отырып, бірлесіп қызмет атқару арқылы терминал қызметін лезде  жандандырып, жұмысын бастап кетуге толық мүмкіншілік бар. Десекте бүгінгі күнге дейін қызығушылық танытқан инвесторлар болған жоқ.

ҚР Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының  57 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, жоғарыда аталған  объективті жағдайларды басшылыққа ала отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен Президент әкімшілігіне хат жолданып, ҚР Президентінің  «Бейнеу астық терминалының қызметін қайта бастау туралы» тапсырмасы бақылаудан алынды. 

 

12.     

Маңғыстау облыстық басқармалар (білім, денсаулық, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік) түйіткілді мәселелерді шешу үшін ауылдарға   іс-сапарларға жиі жіберу

(Есентурлиев Оңайбай)

 

Н.Тәжібаев

Г.Қызылғұлова

А.Жұмыров

Қ.Ташимов

Ж.Тоқбаева

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Білім басқармасы

Тоқсан сайын түйіткілді мәселелерді шешу үшін ауылдарға   іс-сапарларға қызметкерлер шығып жүр және шығу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау Аудандар мен ауылдарға түйіткілі мәселелерді шешу үшін қажетті мамандар, басқарманың штаттан тыс мамандары,  іс-сапарларға  жіберіліп жатыр:

Жәнібек Қарақозыұлы

«Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК гинеколог дәрігері-20.06-01.07.2022 ж. уақыт аралығында «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на жүкті және босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі әйелдерге көмек көрсету мақсатында жолданды. 20.06.2022 жылы  «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» Облыс көлемінде орын алған 2022 жылдың 5 айлық қорытындысымен сәби өлімін талдау хаттамасы негізінде сәби өлімі жоғары көрсеткіш көрсеткен медицина ұйымдарын зерделеу үшін 3 маман жіберілді. 21.06.2022 жылы «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на Облыс көлемінде орын алған 2022 жылдың 5 айлық қорытындысымен сәби өлімін  талдау хаттамасы негізінде сәби өлімі жоғары көрсеткіш көрсеткен медицина ұйымдарын зерделеу үшін 3 маман жолданды.

«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның директор м.а Досжанов Амантай Есенгалиевич

2022ж 10–11 ақпан аралығында Маңғыстау, Бейнеу, Боранқұл аудандарына,  2022 жыл 24–25 наурыз айында Жетібай, Құрық ауылына, 2022 жылғы 8 сәуірінде Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылына, 2022 жылғы 26– 2 наурыз  айларында  Жаңаөзен жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына, 2022 жылғы 30.03 –1 сәуір Жаңаөзен қаласына

тұрғындарымен және жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу, мәселелерді талқылау мақсатында жолданды.

Ауыл шаруашылығы

2022 жылдың сәуір-тамыз айлары  аралығында ауыл шаруашылығы басқармасы, жер басқармасы, кәсіпкерлік және сауда басқармасы қызметкерлері мен несие беруші қаржы институт  өкілдері бірігіп облыстың қала, аудан орталықтарында  ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер арасында жүрмелі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде, басқарма қызметкерлері  тарапынан  агроөнеркәсіп кешені саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы, субсидиялау қағидаларына   енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы айтылып, тұрғындар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді.

13.     

Ауылдарға балалардың тісін емдетуге  жүрмелі тіс емдейтін бөлмесін ашып, дәрігерлерді            іс-сапарға жіберуін ұйымдастыру (Ұзақова Гулнур)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Қала және аудан әкімдері

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Облыс бойынша 5  жылжымалы медициналық кешен ауылдық жерлерде қызмет етеді. Соның ішінде стоматологиялық  кабинет бар, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша: Мұнайлы ауданы - 18589, Маңғыстау ауданы - 4640, Қарақия ауданы - 1262, Түпқараған - 2612 және Бейнеу ауданы-     стоматологиялық қызмет көрсетілді.

 

 

14.     

«Әділ сүт зауыты» ЖШС Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 0,1% несие алуға қолданыстағы заң шеңберінде қолдау көрсету

 

Б.Орынбасаров

Ж.Тоқбаева

Б.Беисов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Ағымдағы жылғы 16 маусымда   «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысындағы» дауыс беру хаттамасына сәйкес «Әділ сүт зауыты» ЖШС-не займ беру шешілді.

 

15.     

Аудандарда жеке гемодиализ орталықтарын ашу

Г.Қалмұратова

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

А.Жұмыров

Ж.Тоқбаева

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Бейнеу орталық аудандық ауруханасында гемодиализ бөлімшесі жұмыс жасап тұр, бөлімшеде 4 аппарат құрылғысы бар. Жеке гемодиализ орталығын ашу бойынша Батыс Қазақстан облысы  бойынша «Нефрос Азия» ЖШС және Биос ЖШС орталығын ұсыныс берілді.

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден несие алған жағдайда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру мемлекеттік қолдаулар қарастырылған.

 

16.     

Бейнеу аудандық орталық ауруханасын компьютерлермен жабдықтау

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Жыл басынан бастап  Бейнеу аудандық орталық ауруханасына 40 компьютер алынды

 

 

 

17.     

 «Шағырлы-Шөмішті» кенорнында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысын көбейту

(Өсерова Баян)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

«Шағырлы-Шөмішті» кенорнында татуластыру комиссиясының құрылуы негізінде «Шағырлы-Шөмішті» кенорнында татуластыру комиссиясының құрылуы негізінде жұмысшыларының жалақы мөлшері                            а.ж. 1 қаңтар жағдайында 25 пайызға көтерілді. Қосымша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды (Сауықтыру жәрдемақысы).

18.     

Бейнеу ауданының жедел-жәрдем пунктін аудандық аурухана жанынан ашу

(Қожақов Шаншарбай)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

"Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК Бейнеу қосалқы станциясында 3-дәрігер, орташа медперсонал- 47, оның ішінде 4 диспетчер, 4 май құю кабинетінің фельдшері,

(4 дейін) орта медициналық қазметкерлер жалпы саны-51,

санитарлар-4, жүргізушілер-24,

механик-1.

Санитарлық машиналар саны-9.

Қосалқы станция бойынша барлық қажетті заттар қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Бейнеу ауданында  жедел-жәрдем бойынша мәселе жоқ. 

 

 

 

 

 

19.     

Өндіріс орындарын вахталық әдіске көшіру

(Кенжебаев Мұрат)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Аудан көлемінде орналасқан кен орындардың барлығы вахталық режиммен жұмыс жасайды.

Анықтама үшін:

Аудан тұрғыны М.Кенжебаев облыс көлеміндегі Жетібаймұнайгаз, Өзенмұнайгаз мекемелерін вахталық режимге ауыстыру жөнінде ұсынысы аудан көлемінде шешілмейді.

20.     

Боранқұл газ өңдеу зауытын іске қосу

(Кенжебаев Мұрат)

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

В.Мұстапаева

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

«Толқын» және «Боранқұл» кен орындары ҚР Инфвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген аталған  кен орындары бойынша  «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ сенімгерлік басқару бойынша қызметті жүзеге асырды. Қазіргі таңда «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ Боранқұл ауылындағы кенорындарын басқа мекемеге өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнге «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасы мен  «Ascom Group S.A.» (Толкын және  Боранқұл кен орындырының бұрынғы жер койнауын пайдаланушысы)  арасындағы жүріп жатырған халықаралық соттың толыққанды аяқталмауына байланысты, «Боранқұл газ өңдеу зауытына» технологиялық өзгеріс енгізе алмайтындығын айтады. (хаты 06.06.2022 жылғы № 01-18/738)

 

 

21.     

Темір жол саласына қатысты жұмысшылардың жалақысын бірдей тарифке (сетка) енгізу 

(Айдынбайұлы Бауыржан)

 

Б.Орынбасаров

А.Қалиев

Б.Әбілов

Н.Ғұбашев

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Бейнеу станциясы жол бөлігі жұмысшыларының көтеріп отырған барлық мәселелерін (еңбекақы төлемдерін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту т.б.) шешу бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан құрылған арнайы комиссия Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына келді. Барлық мәселенің мән-жайы егжей-тегжейлі анықталып, бақылауға алынды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға қарасты Маңғыстау облысының барлық теміржол қызметкерлерінің жалақы коэффициентін  2022 жылғы 15 қазаннан бастап облыс бойынша біріңғай тарифке (сетка) көшіру бойынша шешім қабылданды. Мәселе «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан оң шешім тапты.

 

 

22.     

Коммуналдық  төлемдерді              қабылдайтын «делдал»           мекемелерді алып тастау.

(Ақан Дауыстыұлы)

 

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

Б.Әбілов

Ж.Салимов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 Заңына сәйкес соңғы тұтынушыға дейін электр энергиясы тарифі 3 тізбектен қалыптасады: бірінші – энергия өндіруші ұйым, екінші – энергия беруші ұйымдар, үшінші – энергиямен жабдықтаушы ұйым.

         Энергия жабдықтаушы ұйымдардың қызметі ҚР заң жүйесі негізінде қарастырылған. Осыған байланысты, әкімдік тарапынан уәкілетті орталық органдарға энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар енгізілді.

23.     

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй туралы» заңына сәйкес тұрғын үй жәрдемақысының берілуі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу

(Ақан Дауыстыұлы)

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

Барлық қала және аудан әкімдері

Ә.Шопанов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

«Тұрғын үй көмегі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қазіргі уақытта толық жұмыс жасап тұр. 2021 жылы өтініш түскен жоқ, биылғы жылы 5 өтініш қабылданды. Мемлекеттік қызмет жөніндегі әлеуметтік желілер арқылы (Фейсбук, инстаграмм) 3 рет хабарландыру берілді. Бөлім басшысымен 2 рет тіркелей эфир барысында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта арнайы видеоролик дайындалуда.

Аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік парақшаларына «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін көрсететіндігі жөнінде ақпарламалар жарияланды. Жыл басынан бері 539 отбасына (1581 адам) 24,9 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі берілді.

24.     

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында Шекара қызметкерлерін Тәжен ауылына көшіру мәселесін пысықтау

(Ақан Дауыстыұлы)

 

Б.Орынбасаров

А.Каюпов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Бейнеу ауданы бойынша Шекара департаменті ұзындығы 500 шақырымнан астам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және күзету жөніндегі міндеттерді атқарады. Бейнеу ауданы бойынша шекара бөліміне 15 құрылымдық бөлімше кіреді («Тәжен» бақылау-өткізу пунктін қоса алғанда).

Барлық қолданыстағы бөлімшелерді сапалы басқару мақсатында 2007 жылы Бейнеу кентінде барлық инфрақұрылымы және қажетті коммуникациялары бар (әкімшілік ғимарат, қоймалар, казармалар, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына арналған үйлер, су құбыры және т.б.) әскери бөлім салынды. «Тәжен» өткізу пункті Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізуге арналған. Бұл бекет шекара қызметі бөлімін орналастыруға арналмаған, өйткені ол Қазақстан Республикасы шекара қызметінің бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Бейнеу өңіріндегі шекаралық бақылауды Тәжен өткізу бекетіне ауыстыру мүмкін емес және орынсыз, өйткені құрылымдық бөлімшелердің бақылауы жоғалады.

25.     

Барлық ауылдарда жол бойындағы мал өлекселерін жою

Барлық қала, аудан және ауыл әкімдері

Т.Нұртазин

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Облыс бойынша 5 мал қорымы бар және 2 салынып. Әр ауылдық округте мал өлекселерін көметін   биошұңқыр бар.

Бейнеу ауданы – 5 тапсырма

Орындалды – 2

Бақылауда - 3

 

26.          

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылында Фельдшерлік-акушерлік пунктін заманауи аппараттармен қамтамасыз етуді сұрайды (жүрек, қан қысымы)

(Есентурлиев Оңайбай)

 

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Төлеп ауылына фельдшерлік-акушерлік пунктін қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін сатып алу жоспарланды. 

27.          

Сыңғырлау ауылында орналасқан мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

Б.Әбілов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Облыстық білім басқармасы тарапынан а.ж. шілде-тамыз айларында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 040,0 мың теңге қаржы қарастырылды.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды

 

28.          

Сыңғырлау ауылында орналасқан балабақша ғимаратына   ағымдағы жөндеу  жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Облыстық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 29 наурыздағы                           № 9/105 шешімімен Сыңғырлау ауылындағы балабақша ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 13 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда конкурс нәтижесі бойынша «KingDomStroy» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Келісім шарт сомасы – 10,6 млн.теңге.

Жөндеу жұмыстары аяқталды.

29.          

Бейнеу орта мектебі аумағынан №1 Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ғимаратын салу  жұмыстарын жүргізу

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес, жеке медициналық мекеме ЖШС «Med-Kausar» 2022 жылдың соңына дейін

ашылуы көзделуде.

30.          

Бейнеу ауылындағы коммуналдық тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу 

(Алламбергенова Айнаш)

 

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

Б.Қартбаев

Б.Әбілов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Жыл басынан бері ағымдағы жөндеуді қажет ететін  Бейнеу ауылындағы коммуналдық 5 тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар тұрақты түрде жыл соңына дейін тұрғын үйлердің жағдайына қарай жасалынатын болады.

 

Дата публикации
01 ноября 2022