Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылғы есеп беру кездесулерінің қорытындысының I тоқсаны бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылғы есеп беру

кездесулерінің қорытындысының I тоқсаны бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

Бейнеу ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

1.                  

Бейнеу аудандық орталық ауруханасына компьютерлік томогроф, УЗИ эксперт класс аппаратын қондыру

2020 жыл

II тоқсан

Қ. Жұмашев

Ә. Сағымбаев

Б. Әбілов

Бейнеу аудандық орталық  ауруханасына компьютерлік томограф сатып алу жұмыстары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 420,0 млн. теңге қаржы жоспарланып, жабдықтарды сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

УЗИ эксперт класс аппаратының құны 75,0 млн. теңге көлемінде. Қазіргі таңда бұл жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыстарын үйлестіру ұйымдастырылуда.

2.                  

Бейнеу ауылы Ер Шабай көшесіндегі ескі газ құбырларын жаңарту мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Қашақов

А. Хамиев

Б.Әбілов

 

Ер Шабай көшесіндегі ескі газ құбырларын жаңарту жұмыстары бойынша жобалық – сметалық құжаттары жасақталуда.

3.                  

Боранқұл ауылдық ауруханасы мен Сарға, Төлеп, Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясын санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Қ. Жұмашев

Ә. Сағымбаев

Б. Әбілов

Бейнеу аудандық орталық ауруханасы тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына аудандағы                     15 санитарлық автокөліктерді жаңарту жөнінде сұраныс жолданды. (20.12.2019 жылғы №2764 санды шығыс хаты) Ағымдағы жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан аудандағы ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен аурухананы санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету қарастырылуда.

4.                  

Сыңғырлау ауылына кірме жолына орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Сыңғырлау ауылына кірме жолына орташа жөндеу жұмыстарына 24 859 мың теңге бөлінді (ЖБ – 1000,0 мың теңге, РБ – 23859,0 мың теңге). Жалпы құны – 26510,0 мың. теңге. Конкурс жұмыстары өткізіліп, «ПромСтройМонтаж - ХХІ» ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. Қазіргі таңда, тиісті қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айының соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

5.                  

Білім және медицина саласына қажетті мамандарды өңірге шақырту бойынша тиісті шаралар қамтамасыз етілсін, ниет білдірген жас мамандардың әлеуметтік жағдайлары шешілсін (баспана және де әлеуметтік қолдау пакеттері)

2020 жыл

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Ә. Сағынбаев

Б. Әбілов

Ауданға келген білім және медицина саласына қажетті мамандардың әлеуметтік қолдау шаралары толық іске асырылуда.

2019 жылы ауданға келген қажетті мамандардың барлығы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.(Аудан әкімдігінің 23.09.2019 ж. күнгі  №235, 03.10.2019 ж. күнгі №244, 07.10.2019 ж. күнгі №253 қаулыларымен құжаттарына сәйкес бюджеттік кредит беру жұмыстары жүргізілді.)

2020 жылы 15 педагог мамандарға сұраныс берілді. Медицина саласының қызметкерлері а.ж. шілде айында келуі күтілуде.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

6.                  

Атамекен шағын ауданынан  спорт кешенін салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

(Қаржы бөлінген жағдайда)

Ә. Қыраубаев

Қ. Жұмашев

М. Әлібекова

Қ.Жұмабаев

Б.Әбілов

Қазіргі таңда Атамекен шағын ауданынан спорт кешенін салу бойынша жобалық – сметалық құжаттары жасақталуда.

7.                  

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының негізгі ғимаратына жедел саты (лифт) орнату жұмыстарына бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

(Қаржы бөлінген жағдайда)

 

Қ. Жұмашев

Ә. Сағымбаев

Б.Әбілов

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының негізгі ғимаратына жедел саты (лифт) орнату жұмыстары бойынша «Ақтау қалалық лифтері» ЖШС-нің сараптама қорытындысы мен қажетті қаражат көлемі (Жалпы құны – 9,3 млн. теңге) жөніндегі ақпарат  Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды. (№01-26-5 шығыс хаты 05/02/2020 ж.)

8.                  

Ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын және автожолдағы бордюрларды реттеу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Б.Әбілов

 

Бейнеу ауылында А.Байтұрсынов (құны – 529,0 мың теңге), С.Қилыбайұлы (құны – 879,0 мың теңге), Б.Сарбалаев, Серкебай, Шыңғысов, Ақшағыл, Қайдақ, С.Бегендікұлы (құны – 4,8 млн. теңге) көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын төсеуге мемлекеттік конкурсы жарияланды.

Көшелердің жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған  «Бекдаулет» ЖШС.

9.                  

Бейнеу ауылы Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев мектептеріне қосымша құрылыс кезінде бастауыш сыныптар үшін қажетті гимнастика залын қарастыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

А. Сейдалиев

Б.Әбілов

Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев мектептерінің қосымша құрылыс нысандарының ЖСҚ– да арнайы гимнастика залы қарастырылған.

10.              

Бейнеу ауылы Тобанияз Әлниязұлы көшесіне асфальтты автожол  және Сүгір Бегендікұлы, Тоқабай Құрмаш көшелеріне қиыршық-тасты автожол құрылыс жұмыстарына қаражат қарастырылып, тиісті шаралар жүргізілсін                

2020 жыл

IV тоқсан

 

Н. Аққұлов

М. Альбекова

Б. Әбілов

Бейнеу ауылы Тоқабай Құрмаш көшесіне автожол салу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы арқылы РБ есебінен 65 956,0 мың теңге бөлінді. Конкурс құжаттары жасақталуда.

С.Бегендікұлы көшелеріне автожол салу жұмыстарын бастауға 2,0 млн. теңге бөлінді, конкурс құжаттары жасақталуда.

Тобанияз Әлниязұлы көшесіне автожол салу жұмыстарына

ЖБ есебінен 51,0 млн. теңге бөлінді, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған «ПромСтройМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

11.              

Бейнеу ауылындағы ескі газ құбырлары жүргізілген 25 көшенің газ құбырларын жаңарту жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Бейнеу ауылындағы ескі газ құбырлары жүргізілген 25 көшенің газ құбырын жаңарту жұмыстары бес жобаға бөлініп, жұмыстардың жобалық – сметалық құжаттарын жасақтауға алдын-ала 10,6 млн теңге қаржы бөлінді.

Бес жоба бойынша мемелкеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, «Проектный Цент» ЖШС жеңімпаз болып табылды. Қазіргі таңда, Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты келісім шарттар мерзімі уақытша тоқтатылды.

12.              

Бейнеу ауылындағы канализациялық тазалау имаратының жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Канализациялық тазалау имаратының ЖСҚ жасақтаудың жалпы құны – 16,2 млн. теңге.2019 жылы игерілген қаржы – 1,6 млн теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары тоқтатылды.

Қр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №5301 хатына сәйкес жобалауға мораторий жарияланды.

13.              

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары мен жер учаскелері дайын жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

А.ж. үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Ы. Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептеріне қосымша оқу нысанының құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. Сонымен қатар Бейнеу ауылынан 600 орындық мектеп салу жұмыстарына және Күйкен орта мектебіне 312 орындық қосымша құрылыс салу үшін ЖСҚ жасақталуда.

14.              

Барлық мектептер талапқа сай әжетханалармен қамтамасыз етілсін

2020 жылдың қыркүйек айы

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

Білім беру ұйымдарын ішкі әжетханамен қамтамасыз ету үшін 16 мектепке (Абай, Алтынсарин, Қалдығараев, Опорный, Қарақұм, Есет, Бегенов, Жангелдин, Сыңғырлау, Тұрыш, Сам мбк, Махутов, Ақжігіт, Лицей, Боранқұл, Үстірт)  49,5 млн теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Бейнеу лицейі, Бейнеу гимназиясы (демеушілікпен), Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып ғимаратына ішкі әжетхана салу жұмысы аяқталды. Басқа мектептердегі құрылыс жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталады.

15.              

Бейнеу ауылындағы Ы.Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Бейнеу ауылындағы Ы.Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға мердігер мекеме «Нұр Жол құрылыс» ЖШС-мен қосымша келісім шарт жасақталуда.

Республикалық бюджет есебінен Ы.Алтынсарин орта мектебіне бөлеп тұрған  оқу корпусын салу жұмысына 331 456,0 теңге. Ж.Қалдығараев орта мектебіне қосымша құрылыс жұмысына 388 132,0 мың теңге бөлінді.

16.              

Аудан орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатуға бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ә.Қыраубаевқа құны 12,0 млн.теңгені құрайтын Бейнеу ауданы орталығына кіріп-шығатын негізгі жол бойларына автокөліктердің қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын орнату үшін ұсыныс берілді. (№01-26-42 шығыс хаты 15/01/2020)

17.              

Төлеп ауылына қиыршық-тасты кірме автожол құрылысын толық аяқтауға қаржы қарастыру;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Төлеп ауылына дейінгі кірме жолдың құрылысына ЖСҚ-ты  2,9 млн теңгеге АТК «Жанаөзен» мекемесі жасақтады. Қазіргі таңда Астана қаласындағы «ПРО экспертиза» мекемесімен  мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сараптамадан аяқталғаннан кейін конкурс өткізуге 2,0 млн теңге қаржы бөлінді.

 

18.              

Тұрыш ауылына темір жол өткелі құрылысын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Тұрыш ауылына темір жол өткелі құрылысын бастауға 10,0 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, жеңімпаз анықталды.Мердігер мекеме «Ақтау-НШ» ЖШС-мен келісім щарт жасақталды.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

19.              

Кешкі мектепті Сам орта мектебіне қоспай жеке қалдыру мәселесі

2020 жыл

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының Мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру бойынша 2019 жылғы                   16 тамыздағы №02-11/18 хаттамасына сәйкес Сам мектебіне Бейнеу кешкі мектебі біріктіру туралы Бейнуе ауданы әкімдігінің 09.09.2019 ж. №212 қаулысы шықты. Қазіргі таңда мекемелерді біріктіру туралы құжаттар жасақталуда. Кешкі мектептің кейбір қызметкерлерін аудандағы басқа мектеп, балабақшалардан бос штаттық жұмыстар ұсынылып, орналастырылуда.

20.              

Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің аумағында орналасқан шаруа қожалықтарын басқа аймаққа көшірмеу жолын шешу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Қашақов

Д. Құсбеков

С. Қалдығұл

Б. Әбілов

Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі және шаруа қожалық иелерімен жиналыс өткізіліп, орман билеттерін алу жөнінде тапсырма берілді.

21.              

Жедел жәрдем қызметін шақырту кезінде                  40 минут, 1 сағат уақытқа кешігіп келу мәселесі туралы

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ә. Сағымбаев

Б. Әбілов

2020 жылға Облыстық шұғыл және жедел медициналық қызмет көрсету станциясы типографиямен келісім шартқа отырып, қазіргі таңда аптасына ауданға 500 шақырту картасы уақытылы жеткізіліп отыр.

22.              

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

2020 жыл

Б. Әбілов

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге мемлекет меншігіндегі жер уччаскелерін бөлу бойынша 2020 жылы 1 аукцион өткізіліп, жалпы ауданы 34 776 ш.м. бастапқы бағасы 4 771 760 теңге, сатылу бағасы 7 667 690 теңге болатын 10 жеручаскесі сатылып, табысталды.

Ауыл шаруашылығы мақсатында өткізілген 1 конкурс негізінде жалпы ауданы 52 450 га болатын 55 жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін табысталды.

 

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылғы есеп беру кездесулерінің қорытындысының I тоқсаны бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ
Дата публикации
06 апреля 2020