Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаурашылығы және ветеринария бөлімінің 2019 жылы жасалған жұмыстары туралы ақпарат

Аудан бойынша жыл басынан 473,6 мың  тонна  мұнай мен  1211,9 млн. текше  метр  газ  өндірілді. Өткен   жылмен салыстырғанда  мұнай  3 мың  тоннаға (99,3%),  газ 109,2 млн. текше  метрге (91,7%)  кеміп   отыр.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 81,8  млрд. теңгеге, негізгі  капиталға  салынған инвестиция 36,4 млрд. теңгеге жетті.  Өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,8% болса, инвестиция көлемі 104,5% құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (2020 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық ақпарат) 2699-ды құрады. Оның ішінде: заңды тұлға – 165, дара кәсіпкерлер – 2196, шаруа қожалықтары – 338.  Олар бюджетке 1442,7 млн. теңге салық төледі. 

Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес 2019 жылдың жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 6,2 млрд.теңгені,  2019 жылғы қаңтар-қарашаға бөлшек сауданың нақты көлем индексі 12,4 млрд.теңгені құрады (102,9%).

Мониторинг бойынша ауданда 845 кәсіпкерлік нысаны халық игілігіне жұмыс жүргізуде. Оның ішінде: Қызмет көрсету (қоғамдық тамақтану, шеберхана, монша, қонақ үй, ТЖҚ, мейрамхана т.б.) – 299, сауда (супермаркет, шағынмаркет, дүкен және т.б.) – 372, білім беру – 14, денсаулық сақтау және сауықтыру – 16, мәдени ошақтар – 11, өнеркәсіп (наубайхана, тұшпара, пластик, жиһаз цехтары және т.б.) – 133.

«Бастау бизнес» жобасымен 271 қатысушы (6 топ)  сертификат  алса,  «Жас кәсіпкер» жобасымен 98 қатысушы (2 топ) сертификат алды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен – 113,3 млн.теңге көлемінде 11 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді (23 жұмыс орны), оның ішінде: 49,4 млн.теңгеге 2 жоба субсидияланды, 62,9 млн.теңгеге  8 жоба кепілдендірілді, жаңа бизнес идеяларға «IT мектеп» ашуға 1,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

«Нұр Капитал» бағдарламасы - барлығы 12 кәсіпкер 167,5 млн. теңге көлемінде несие алды. 74 жұмыс орны құрылады. (2018 жылы 5 несие, 73,0 млн.тг, 25 жұмыс орны. 2019 жылы 7 несие, 94,5млн.тг, 49 жұмыс орны).

Шағын несиелендіру бойынша барлығы 107 несие, 440,9 млн.теңге, 126 жаңа жұмыс орны (Бұл  2018  жылмен  салыстырғанда несие құны – 109,2%,  несие саны -112,4% және ашылған жұмыс орны – 109,6% өсті.).

100 АЕК (252 500 тг) 6 адамға – 1,5 млн. теңге, 200 АЕК (505 000 тг) 90 адамға – 45,4 млн. теңге қайтарымсыз несие берілді.

Статистикалық мәліметке сай аудан бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 2019 жылдың 12 айында  3 776,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда 492,3  млн. теңгеге (2018 жыл –3,128,0 млн. теңге) немесе 20,7%-ке өсті. НКИ - 102,0%.

2497,5 тонна ет пен 1573,4 тонна сүт өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 48,3 тоннаға немесе 1,9%-ке, сүт 36,3 тоннаға немесе 2,5%-ке  өсті. (2018 жыл – ет -2449,2 тн/104,2%,сүт – 1537,1тн/107,2%)

Аудандағы мал саны 01.01.2020 жылы  ірі қара мал саны – 5 307 бас болып  8,1% ға (01.01.2019 – 4 908 бас), қой ,ешкі – 108 431  бас болып  1,2% ға (01.01.2019 – 107 148 бас), жылқы –9 708 бас болып  3,1% ға (01.01.2019 – 9 413 бас), түйе – 19 283 бас болып 7,4% ға (01.01.2019 – 18 531бас) өсті.

Барлық мал саны – 141 729  басты құрап өткен жылғымен салыстырғанда – 1,2% ға (01.01.2019 – 140 000 бас) артып отыр.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері «Бейнеу ауыл шаруашылық кооперативі» мал сою пункті жыл басынан бері 140  тонна ет дайындап, ет дүкендері арқылы  тұтынушыларға жеткізілді.

Жылына  1500 бас мүйізді ірі қара (сиыр) малын  бордақылай алатын                                    320 бас мүйізді ірі қараға арналған екі бордақылау алаңының  құрылысы аяқталды, енді  қажетті кормодробилка және сенораздача орнату күтілуде. Бордақылау алаңы 2020 жылдың аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Егін шаруашылығы 2019 жылы «Ғибрат» ШҚ (Молдағалиев Абат),   «Бейнеумехтранссервис» ЖШС (Хайруллаев Нұрболат), «Назар» ШҚ (Нәдірова Алтын) егіншілікпен айналыса бастады.Нәтижесінде «Бейнеумехтранссервис» ЖШС-нің (Бейнеу ауылы) 0,2346 га жылыжайынан   20,0 тонна қияр шығарылса, «Ғибрат» шаруа қожалығы (Төлеп ауылы) 5 га  жерден   20 тонна қауын мен қарбыз өнімін алды. Сол секілді биыл жаңадан егіншілікпен айналысып жатқан «Назар» ШҚ (Нәдірова Алтын) 10 га жерден 182 тонна әр түрлі көкөніс өнімін алып,тұтынушыларға жеткізді. «Назар» шаруа қожалығы 2020 жылы егін егу жұмыстарын одан әрі дамытып, биылғы көрсеткіштенде жоғары өнім алуды жоспарлауда.  Барлығы егін шаруашылығынан 222 тн көкөніс өнімдері алынды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы

  1. «Берген Бек» ауыл шаруашылығы кооперативінің құрамындағы «Көктөбе» ШҚ -да барлығы 442 бас мүйізді ірі қара малы бар, оның 191 басы етті бағыттағы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиыры.
  2. «Көшімбет» ШҚ –да 343 жылқы тіркелген, оның 180 басы асыл тұқымды Адай жылқысы.
  3. «Дәулеткерей» ШҚ-да 111 бас асыл тұқымды Адай  жылқысы.
  4. «Нұр-Абыл» ШҚ 2 асыл тұқымды МІҚ тіркелген.

Электрондық қызмет Жайылымдық  жерлердің  электрондық  картасын  енгізу  жалпы  алаңы  291 600 га. Қазіргі таңда 215 шаруашылықтардың  257,182,92  гектар  жерінің сызбасы (90,1%) салынды.

Субсидия бойынша Мал  жайылымдарын  суландыру  үшін 2019 жылы  (32 м) «Матай» шаруа қожалығы  құдық қазуға шеккен шығыстардың  бір бөлігі өтеліп, нәтижесінде  960 мың. теңге  субсидия алды.

Аудан бойынша 207 құдық бар, оның 74%-і немесе 154 құдық  пайдалануда. Пайдаланып отырған құдықтар шаруашылықтардың суға деген сұранысын толықтай қанағаттандырып отыр.

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету паспорты бойынша 11 шаруа                қожалықтардың құрылғыларды сатып алуға   (Аккумуляторлы батареясы, қуаты 2 кВт-тан басталатын күн панельдері, Су көтеретін сорғысы, Электр станциясы (бензинді немесе дизелдік генератор)) кеткен шығыстарының бір бөлігі өтелді, яғни 34,1 млн.теңге қаражаттың  27,2 млн.теңгесі немесе 80%  субсидияланды.  

 

Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаурашылығы және ветеринария бөлімінің 2019 жылы жасалған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
18 апреля 2020