Карантин белгілеу туралы

Карантин белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 01-19/59 ұсынысының негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түйелердің арасында шешек ауруының пайда болуына байланысты Бейнеу ауданының келесі аумақтарына карантин  белгіленсін:

         1) Бейнеу ауылының тұрғыны Қ. Баймұңаловтың жеке ауласы;

         2) Тәжен ауылының тұрғыны Ж. Илиясовтың жеке ауласы;

         3) Сыңғырлау ауылының тұрғыны Б. Қанатовтың жеке ауласы.

  1. Бейнеу, Тәжен, Сыңғырлау ауылдарының әкімдері осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
  3. «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген  күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

Б. Әбілов

 

Карантин белгілеу туралы
Дата публикации
31 марта 2020