«2021-2022 жылдарға арналған Бейнеу ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 3/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Бейнеу аудандық мәслихатының «2021-2022 жылдарға арналған Бейнеу ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 3/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.