Бейнеу ауданының азаматтарының жекелеген санаттарына Бейнеу ауданындағы қоғамдық көлікте (такиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

 

Бейнеу ауданының азаматтарының жекелеген санаттарына Бейнеу ауданындағы қоғамдық көлікте (такиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына,  «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 бабына сәйкес Бейнеу  ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ және Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бейнеу ауданындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығы белгіленсін:
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға;
  • Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналарға.
  1. Қаржыландыру көзі болып Бейнеу аудандық бюджеті айқындалсын.
  2. «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бейнеу аудандық мәслихатының шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  4. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бейнеу аудандық мәслихатының шешімінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  5. Осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бейнеу аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әзірхановқа.жүктелсін.
  6. Осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                            Б. Әбілов

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2021