Бейнеу ауылы село Бейнеу
Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 «Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 шілдедегі № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасына:
реттік нөмірлері 13, 14-жолдарға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
- «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Теміровке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.