Бейнеу ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы қаулы

БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

25.06.2021  жылғы                                        №4                                                Бейнеу ауылы

Бейнеу    ауданының    Сарға,

Есет,   Төлеп  ауылдары   мен

Сам           ауылдық       округі

әкімдерін    сайлау   бойынша

сайлау  округін құру  туралы

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14- бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Сам ауылдық

округі әкімдерін сайлау үшін сайлау округі құрылсын:

  • Сарға ауылы әкімінің аппараты – Сарға сайлау округі Сарға ауылының шекараларында;
  • Есет ауылы әкімінің аппараты – Есет сайлау округі Есет ауылының шекараларында;
  • Төлеп ауылы әкімінің аппараты – Төлеп сайлау округі Төлеп ауылының шекараларында;
  • Сам ауылдық округі әкімінің аппараты – Сам ауылдық сайлау округі Сам ауылдық округі шекараларында;
  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны көрсетіле отырып, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде, және облыстық «Маңғыстау» газетінде жариялансын.

 

Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                               А.А.Келбетов

Бейнеу аудандық сайлау  комиссиясының хатшысы                         Г.Ж.Қалданова                                                                                        

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021