Бейнеу ауданы әкімдігімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 2021 жылдың 1 тоқсаны есебі бойынша талдамалық анықтама

  1. 1.ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылы 17 қазандағы №390н/қ бұйрығымен бекітілген тізіліміне сәйкес Бейнеу ауданы жергілікті атқарушы органдары арқылы  83 қызмет түрі көрсетіледі. 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар арқылы  нақты көрсетілген  қызмет  түрінің  саны  34. Оның ішінде: Мемлекеттік орган арқылы 12, Мемлекеттік корпорация  арқылы 13, электронды веб-портал арқылы 23.

Көрсетілген  қызмет  саны  4363,  оның  ішінде:  Мемлекеттік  орган  арқылы  1883,  Мемлекеттік  корпорация  арқылы  721,  электронды  веб-портал  арқылы  1759.

  1. 2. Ағымдағы жылдың бастапқы  3  айы  бойынша  158  негізді  бас  тартулар  болды.  Электронды  түрде  142,  Қағаз  түрінде 
  2. 3. 2021 жылдың 1 тоқсаны есебі бойынша мерзім бұзушылық дерегі орын алған жоқ.
  3. 4. Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар және оған бағынысты ұйымдар тарапынан  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына  ағымдағы жылдың 3 айы бойынша түскен арыз-шағымдар болған жоқ.
  4. 5. Бейнеу ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасысның және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» №68 өкіміне сәйкес, 8 мемлекеттік жергілікті атқарушы органдарға бақылау жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Аталған жоспарға  сәйкес   наурыз  айында  «Сыңғырлау ауылы әкімі аппараты» мен «Сарға ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік  мекемелеріне ішкі бақылау  жұмыстары  жүргізілді. Нәтижесінде  бұзушылықтар  анықталған  жоқ.
  5. 6. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 1-жиналыс, 1-билборд тақтайшасы, 2-фейсбук әлеуметтік желісіне мақала жарияланды.
  6. «Бейнеу ауданы Азаматтық Бастамасы» қоғамдық бірлестігі берген ұсыныстарға сәйкес цифрлық сауаттандыруды арттыру мақсатында Сарға, Боранқұл, Тұрыш, Сам және Төлеп ауылдарына ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп ЭЦҚ-ны онлайн алу, eGov.mobile қосымшасы арқылы қызметтерді алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  7. 8. Бейнеу ауданы әкімдігі  бойынша  48  мекеме  ғимаратында  өз-өзіне  қызмет  көрсету  бұрыштары  жасақталып,  жұмыс  жасап  тұр.

№

Өз-өзіне  қызмет  көрсету  бұрышы  орналасқан  мекеменің  атауы

Орналасқан  мекен  жайы

1.

«Бейнеу  аудандық  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  бөлімі»  ММ

Бейнеу  ауылы, Д.Тәжиев көшесі 10/1

2.

«Сарға  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Сарға  ауылы

3.

«Есет  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Есет  ауылы

4.

«Боранқұл  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Боранқұл  ауылы

5.

«Ақжігіт  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Ақжігіт  ауылы

6.

«Сыңғырлау  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Сыңғырлау  ауылы

7.

«Сам  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Сам  ауылы

8.

«Тұрыш  ауылы  әкімінің  аппараты» ММ

Тұрыш  ауылы

9.

«Тәжен  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Тәжен  ауылы

10.

«Төлеп  ауылы  әкімінің  аппараты»  ММ

Төлеп  ауылы

11.

Абай атындағы орта мектебі КММ

Бейнеу ауылы, Тәуелсіздік даңғылы №13

12.

Алтынсарин атындағы орта мектебі КММ

Бейнеу ауылы,

Ер қосай №38

13.

«Жұмағали Қалдығараев  атындағы орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Е.Бөкетбайұлы №2б

14.

«Бейнеу гимназиясы» КММ

Бейнеу ауылы,

Қалдықараев көшесі №2

15.

«Бейнеу лицей» КММ

Бейнеу ауылы,

Д.Тәжиев көшесі №15в

16.

«Бейнеу орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Сатбаев көшесі №272

17.

«Үстірт орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Аймауытов көшесі №39

18.

«Манашы орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Қожагелді Тоқсанбайұлы 160 А

19.

«Атамекен орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Б.Майлин №230

20.

«Күйкен орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Шағырлы №1

21.

«Сам орта мектебі» КММ

Бейнеу ауылы,

Асау батыр №100б

22.

«Жанкелдин атындағы орта мектебі»

Сарға ауылы

Т.Аятұлы №33А

23.

«Боранқұл  орта мектебі» КММ

Боранқұл ауылы

1 аймақ №350 ғимарат

24.

Бейнеу ауданының әкімдігінің «Опорный орта мектебі» КММ

Боранқұл ауылы

7аймак №15/2 ғимарат-

25.

Бейнеу ауданының әкімдігінің «Қарақұм орта мектебі» КММ

Боранқұл ауылы

№5 аймағы,- 5/1 ғимарат

26.

«М.Бегенов атындағы орта мектебі» КММ

Ақжігіт ауылы

Тәуелсіздік көшесі, №3

27.

«Ақжігіт орта мектебі» КММ

Ақжігіт ауылы

2 аймақ №131Б ғимарат

28.

«Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені»

Сыңғырлау ауылы,

Егемендік көшесі, №1 ғимарат

29.

«Ә.Махутов атындағы мектеп балабақша кешені» КММ

Төлеп ауылы,

Төлеп ауылы, Махутов №12Б

30.

«Есет» мектеп-балабақша кешені» КММ

Есет ауылы,

№1 аймақ, №108ғимарат

31.

«Тұрыш мектеп-балабақша кешені»

Тұрыш ауылы,

Нұрпейісова көшесі №1 үй

32.

«Тажен мектеп-балабақша кешені»

Тәжен ауылы,

Тәуелсіздік даңғылы №25

33.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Болашақ" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, 

№26Б ғимарат.

34.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Атамекен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Ж.Аймауытов көшесі,  №29В ғимарат.

35

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Қарақұм" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Боранқұл ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  №17 А ғимарат.

36.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Қүйкен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Шағырлы көшесі,

 №1 Б ғимарат.

37.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Үстірт" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Ж.Аймауытов көшесі,  №39 Б ғимарат.

38.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бөбек" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Досан Тәжіұлы көшесі,  №9 Б ғимарат.

39.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Боранқұл" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

,Боранқұл ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  №17В ғимарат.

40.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Ақжігіт" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауданы,Ақжігіт ауылы, Тәуелсіздік көшесі,  №9 ғимарат

41.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Азан Балов көшесі,

 №81 Б ғимарат

42.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балдәурен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Тәуелсіздік даңғылы,  №26 ғимарат.

43.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балдырған" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Төремұрат көшесі, 

№9 ғимарат

44.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, 

№17 Б  ғимарат

45.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Манашы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Бейнеу ауылы, Сүгір Бегендікұлы көшесі,  1 А  ғимарат.

46.

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сарға бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Сарға  ауылы          

47.

"Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу" санаторлық бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Бейнеу ауылы,

Д.Тәжиев көшесі №15в

48.

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Боранқұл санаторлық бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Боранқұл ауылы

Барлығы: 48

 

 

  1. Ағымдағы жыл 1 тоқсаны бойынша қоғамдық мониторинге 1 лот және 500 000 теңге қаржы бөлу бойынша жоспар жасақталуда.
  2. 10. Бейнеу ауданы әкімдігіне  қарасты  10  ауыл,  ауылдық  округ  әкімінің  аппараттары  бар.  Олар:  көрсетілген  қызмет  түрінің  саны    Көрсетілген  қызмет  саны  46.
  3. 11. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығында «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде–құжаттар топтамасы тіркелген күннен  бастап 10 (он) жұмыс күні, ал «Е-Собес» АЖЖ бойынша қызметті орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні деп көрсетілген.

Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің   көрсетілу тәртібін реттейтін НҚА-сы ҚР АШМ 2020 жылдың 01 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген. Сонымен қатар, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2020 жылғы  №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласында көрсетілетін қызметтер электронды түрде көрсетілуі тиіс. Алайда ауыл, ауылдық округ аппараттарында «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі болмағандықтан электронды түрде көрсету мүмкін емес. Ол қызметтер:

-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

-«Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»

-«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру».

Дата публикации
29 апреля 2021