- 1.ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.2020 жылғы №390/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар арқылы 84 қызмет түрі, оның 68 мемлекеттік қызмет түрі электрондық форматта көрсетілуі тиіс. 2020 жылдың 12 айы бойынша Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар арқылы нақты көрсетілген қызмет түрінің саны 55. Оның ішінде: Мемлекеттік орган арқылы 23, Мемлекеттік корпорация арқылы 20, электронды веб-портал арқылы 33.
Көрсетілген қызмет саны 19932, оның ішінде: Мемлекеттік орган арқылы 8358 (42%), Мемлекеттік корпорация арқылы 2540 (12,7%), электронды веб-портал арқылы 9034 (45,3%), .
- 2. 2020 жылдың 12 айы бойынша 419 негізді бас тартулар болды. Электронды түрде 320, Қағаз түрінде
- 3. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылдың маусым айы бойынша ХҚКО ЫАЖ Мониторинг жүйесінен «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсететін «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша 1 (бір) мерзім бұзушылық анықталды. Нәтижесінде Бөлімнің азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманы М. Елтузеровке «сөгіс» түрінде тәртіптік шара алынды.
«Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау жүргізуде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 4 өтініш қабылданған. Аталған қызмет көрсетудің нәтижесі бойынша құжаттарды қабылдау жөнінде қолхат берілмеген, сонымен қатар артық құжаттар (ата-анасының жеке куәліктері, әр-түрлі медициналық анықтамалар) бар екендігі анықталды және орта мектепке қағаз түрінде қабылданған құжаттардың өтініштері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес қағидада көрсетілген өтінішпен сәйкес келмейді. Нәтижесінде Бейнеу ауданы әкімдігінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін уақытша атқарушы О.Қалжановқа «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
- 4. Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар және оған бағынысты ұйымдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына 2020 жылдың 12 айы бойынша түскен арыз-шағымдар болған жоқ.
- 5. 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 24 объектіге бақылау жұмыстары жүргізілді. Аталған жоспарға сәйкес ақпан, наурыз айларында «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
- 28.08.2020 жылы №51-нқ «Бейнеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №97-нқ «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгеріс енгізу туралы» аудан әкімінің өкімі бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Бейнеу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау жұмысы жүргізілді.
- 2020 жылдың қазан айында «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мекемесіне, қараша айында «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 20 бұзушылық анықталды. Жергілікті атқарушы орган тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша аудан көлемінде мониторинг жүргізілген мекемелерге ұсыным жолданды.
- 6. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 1-жиналыс, 3-дөңгелек үстел, 2-семинар, 8-түсіндіру жұмыстары өткізіліп, 6-фейсбук, 2-инстаграм әлеуметтік желісіне мақала жарияланды. Барлығы 257 адам қатысты.
- «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік қызметтері, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында онлайн режимінде тәжірибе алмасты.
- 8. Бейнеу ауданы бойынша 48 мекеме ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, жұмыс жасап тұр.
- 2020 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын анықтау мақсатында «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қоғамдық мониторинг» әлеуметтік жобасына «Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 267 000 теңгеге конкурс жариялаған болатын. Алайда алғашқы конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар түскен жоқ. Соңғы екінші конкурс нәтижесінде 2020 жылдың төртінші тоқсанында «Бейнеу аудандық азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі (Т.Джолышов) жеңіп алып, 01.11.2020-30.11.2020 жылдар аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 қызмет түрі бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіліп, аудан тұрғындарына сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы саралай келе ауыл тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру мен интернет жылдамдығын жетілдіру жұмыстарын қолға алу қажеттілігі бар екені байқалып, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет көрсетуінің жақсарып, тұрғындарға мәдениетті, сауатты жауап беріп отырғандығы байқалады.
Қоғамдық мониторинг жүргізілген қызмет түрлері:
- «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу»;
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;
- «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»;
- «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету».
- 10. Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты 10 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттары бар. Олар: көрсетілген қызмет түрінің саны Көрсетілген қызмет саны 21.
- 11. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылы 30 қыркүйектегі №726 қаулысына сәйкес, «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату», «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін жекеменшікке сатып алу-сату шарттарын жасау», «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Сауда-саттықта (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметтері функция ретінде көрсетіліп келді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі туралы» 31.01.2020 жылғы №39 бұйрығына сәйкес (625-9,625-10) мемлекеттік қызметтері тізілімнен алынып тасталды.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес, 625-7,625-8 қызметтері 617- «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» болып біріктірілді.
Аталған және көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша көрсеткіштері есептік нысанда көрсетілмеді. Себебі, НҚА-лары жер заңнамаларымен сәйкес келмейді. Бірақ көрсеткіштері (функция ретінде көрсетілгені) ай сайын Маңғыстау облысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мониторингі бөліміне қосымша ұсынылып келді.
2020 жылы 19 қазандағы «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласының қызметтерін көрсетуде өзекті мәселелерді талқылау бойынша өткен семинар-кеңестің» №10-03/4 хаттамасының 2.1. тармағына сәйкес, функция ретінде көрсетілген жер саласының қызметтерінің көрсеткіштері қаңтар айынан бастап есептілікке енгізілді.