|
№ |
Іс - шаралардың атауы |
Орындалу мерзімі |
Орындауға жауапты |
Ескертпелер |
|
Бейнеу ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары |
||||
|
1. |
Бейнеу ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ аяқтау |
2021 жыл ІV тоқсан
|
Н.Аққұлов Білім басқармасы Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Б.Әбілов |
«Бейнеу ауылында 600 орындық типтік мектеп құрылысы» жобасына жобалық-сметалық құжаттар жасақтаудың жалпы құны 12,1 млн. теңге. Тапсырыс орындаушы – «Проектный центр» ЖШС. 2021 жылға дейін жұмсалған қаржы 3,2 млн. теңге. ЖСҚ аяқтауға қажетті 8,9 млн. теңге қаржы бөлуге облыстық ЭжБЖ басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
|
2. |
Бейнеу ауылының батыс бөлігінен спорт залын салуға ЖСҚ жасақтау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Б.Әбілов |
«Бейнеу ауылында спорт зал ғимаратын салу» жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар жасақтаудың жалпы құны - 4 млн. теңге. Тапсырыс орындаушы - «Жастар Плюс» ЖШС. 2021 жылға дейін жұмсалған қаржы - 500 мың теңге. ЖСҚ аяқтауға қажетті 3,5 млн. теңге қаржы бөлуге облыстық ЭжБЖ басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
|
3. |
Атамекен орта мектебінің 312 орындық қосымша құрылысы ЖСҚ-н толық аяқтап және құрылысын бастау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Білім басқармасы Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Б.Әбілов |
ЖСҚ аяқталды, мемлекеттік сараптама 18.01.2021 жылғы №15 -0012/21, жоба құны - 451,9 млн. теңге. Жобаны республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуға бюджеттік өтінім берілді. |
|
4. |
Күйкен орта мектебінің 312 орындық қосымша құрылысы ЖСҚ-н толық аяқтап және құрылысын бастау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Білім басқармасы Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Б.Әбілов |
ЖСҚ аяқталды, мемлекеттік сараптама 15.01.2021 жылғы №15 -0010/21, жоба құны - 485,4 млн. теңге. Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізілетін «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды, алдын ала сараптау бойынша қаржыландыруға қолдау тапты. |
|
5. |
Бейнеу ауылының батыс бөлігінен саябақ немесе демалыс орындарына ЖСҚ жасақтау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Б.Әбілов |
Облыстық бюджет нақтылануына бюджеттік өтінім ұсынылады. |
|
6. |
Бейнеу ауылындағы орталық саябаққа жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2021 жыл ІV тоқсан |
Б.Әбілов |
Бейнеу ауылындағы орталық саябаққа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, «GlobalWestConstraction» ЖШС жеңімпаз атанды. Келісім - шарт құны - 15,1 млн, теңге. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың тамыз айына дейін аяқталуы күтілуде. |
|
7. |
Бейнеу ауылындағы Сәтбаев, Хибас, Майлин, Ақшабайұлы, Бейбарыс, Тәжиев көшелерінің автожолдарын ағымдағы жөндеу |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Б.Әбілов |
Қ.Сәтбаев көшесінің автожолын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 53,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Қ.Сәтбаев көшесінің автожолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарландыру жарияланды. Конкурс нәтижесі 17.04.2021 ж. күні анықталады. Хибас, Майлин, Ақшабайұлы, Бейбарыс, Тәжиев көшелерінің автожолын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша сметалық құжаттар жасақталды, жобаның құны - 82,5 млн. теңге. Жобаларды қаржыландыруға облыстық бюджет нақтылануына бюджеттік өтінімдер ұсынылатын болады. |
|
8. |
Тұрыш ауылындағы темір жол өткелі құрылысын бастау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Б.Әбілов |
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, жеңімпаз анықталды.Мердігер мекеме «Ақтау-НШ» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. 2021 жылы жобаны аяқтауға 117,8 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда АО «ҚТЖ»-мен келіссөздер жүргізілуде. |
|
9. |
Тұрыш мектеп балабақша кешінінің жанынан спорт зал құрылысының ЖСҚ-н аяқтау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Спорт басқармасы Б.Әбілов |
«Тұрыш мектеп-балабақша кешеніне спортзал құрылысына» жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар жасақтаудың жалпы құны - 5,6 млн. теңге. Тапсырыс орындаушы -«ТН ПроектСтрой» ЖШС. 2021 жылға дейін жұмсалған қаржы 1,6 млн. теңге. Алдағы бюджет нақтылануларында ЖСҚ аяқтауға қажетті 4 млн. теңге қаржы бөлуге облыстық ЭжБЖ басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
|
10. |
Төлеп ауылының кірме автожолына қиыршық тасты жол төсеу құрылысын бастау (грейдер) |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Б.Әбілов |
Жалпы ұзындығы 4,3 шақырымды құрайтын кірме автожол құрылысы басталды. Келісім шарт-құны – 95 млн. 285 мың тг. Мердігер – ПромСтройМонтажХХІ ЖШС. 2021 жылдың тамыз айына дейін аяқталуы күтілуде. |
|
11. |
Ақжігіт ауылының 2 – ші құрам бөлігіне су құбырын тарту жұмыстарын аяқтау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Б.Әбілов |
Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге 20.01.2021 ж. күні хабарландыру жарияланды. Қазіргі таңда жеңімпаз болып «НұрЖолҚұрылыс» ЖШС анықталды.Келісім-шарт жасақталуда. |
|
12. |
Боранқұл ауылында дене шынықтыру және спорт зал кешенінің ЖСҚ –н аяқтау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Спорт басқармасы Б.Әбілов |
Жобалық-сметалық құжаттама аяқталды, мемлекеттік сараптама 13.01.2021 жылғы №СЕ -0001/21, жоба құны - 368,2 млн. теңге. Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізілетін «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды, алдын ала сараптау бойынша қаржыландыруға қолдау тапты. |
|
13. |
Тәжен ауылында 4 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің ЖСҚ-н аяқтап, құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім беру |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Б.Әбілов |
Облыстық бюджет нақтылануына бюджеттік өтінім ұсынылады |
|
14. |
Сарға ауылындағы су тазарту имаратын және ауылшілік су құбырын салу жұмыстарын жүргізуші Сико ЖШС – на заң аясында шараларын алып, құрылыс жұмыстарын жандандыру |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы Б.Әбілов |
«Сико» ЖШС-нің тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттары бойынша өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыппұл өндіру жөнінде 2019 жылы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жіберілді. Сот талап-арызымызды ішінара қанағаттандырып, мердігерден 7 226,0 теңге айыппұл сомасын өндіру жөнінде шешім етті. 2020 жылдың 4 қыркүйегінде келісім шарттың күшін жою, айыппұл өндіру және банктік кепілдік сомасын мемлекет пайдасына өндіру жөнінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жіберілді. 2020 жылдың 25 қарашасында Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Сико» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 3 588 467 тг айыппұл өндіру жөнінде шешім етті. Маңғыстау облысының ауданаралық экономикалық сотындағы 2021 жылғы 14 қаңтардағы өтетін сот отырысы қосымша құжаттар сұратылуына байланысты басқа күнге ауыстырылды. |
|
15. |
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автокөлік жолының жөндеу жұмыстарын бастау |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Б.Әбілов |
Жобаның құны – 27,5 млн. теңге. Ұзындығы 73 шақырымды құрайтын Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш аудандық маңыздағы автокөлік жолын күтіп-ұстау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсына беріліп, жеңімпаз анықталды. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. |
|
16. |
Ақжігіт ауылының 1,2 құрам бөліктеріне жарықшамдар орнату |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Б.Әбілов |
Құны 65 252 мың теңге болатын «Ақжігіт ауылындағы электр желілерінің құрылысы» аяқталды. Құрылыс барысында 6,37 км электр желісі, 250-10/0,4 кВ-ҚТСЖ қосалқы трансформатор стансасы және 176 дана жарық шамы орнатылды. Қазіргі таңда жарық шамдарды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. |
|
17. |
Тәжен ауылына жарықшамдар орнату |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Б.Әбілов |
Тәжен ауылына 45 дана көше жарық шамын орнату мақсатында ЖСҚ жасақталды. Сәйкесінше жобаны қаржыландыру мақсатында облыстық бюджет нақтылануына өтінім ұсынылды. Жобаның құны -12 586 мың теңге |
|
18. |
Бейнеу ауылының шығыс аймағына жоғары кернеулі электр желісін тарту |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Б.Әбілов |
106/35/6 КБТ ұяшықтарына жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны – 209,7 млн. теңге Жобаны қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізілетін «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды, алдын ала сараптау бойынша қаржыландыруға қолдау тапты. |
|
19. |
Бейнеу ауылындағы кейбір көшелерге қосымша трансформаторлар орнату және электр бағаналарын жаңарту |
2021 жыл ІV тоқсан |
Н.Аққұлов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы Б.Әбілов |
Бейнеу ауылындағы электр қуаты жетіспеушілігі байқалған көшелердің электр қуатын арттыру үшін 16 трансформатор сатып алу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсына беріліп, жеңімпаз анықталды. Қазіргі таңда трансформаторды жеткізуші мекемемен келісім-шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы 130 дана электр бағанасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |