Ақжігіт ауылы тұрғындарымен өткізілген жиналыстардың қорытынды ХАТТАМАСЫ

Ақжігіт ауылы тұрғындарымен өткізілген жиналыстардың қорытынды ХАТТАМАСЫ

 

Ақжігіт ауылы                                        №2                                    18.03.2021 жыл

        

         Қатысқан адам саны: 262, оның ішінде Ақжігіт ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысына құқығы бар мүшелері 8 адам, ауыл тұрғындары 254 адам.

Жергілікті қоғамдастық жиналысын ауыл әкімі Ж.Салиев ашты

         Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы Боранов Ракымжан Бапышович жиналыстың төрағасы болып, Абилханова Зарипа Бегеновна хатшысы болып сайланды.

Күн тәртібінде:

  1. Ақжігіт ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

 

Тыңдалды :

Жиналыс төрағасы: Р.Боранов жиналысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Сонымен бірге: «Биылғы санитариялық-эпидемиялық ахуалға байланысты осы атау беру мәселесі бойынша Ақжігіт ауылы тұрғындарымен, әр топпен бөлек-бөлек жиналыстар өткізілді. Бүгінгі жиналысымыз қорытынды жиналыс», деп ашық дауыс беру қорытындыларымен таныстырып өтті.

 

Сөйлегендер:

  1. Сейткожаев Адилкайр Сисенович – Ақжігіт ауылы №1 аймақтағы

         бірінші көшесіне Атырау облысы, Каспий теңізінің батпақты сорлы табаны. ХІХ ғасырдың басында Бөкей сұлтан 200 үймен көшіп келіп, осы көлдің арқа бетін қоныстанған «Жалтыр» атауын

         екінші көшесіне Қостанай облысындағы елді мекен атауы «Қарағайлы» атауын

         үшінші көшесіне Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы бұлақ атауы  «Ақмыш» атауын

         төртінші көшесіне Елді мекен атауы «Үшқиян» атауын

         бесінші көшесіне Азия құрлығының орта тұсындағы тау жүйесі, түркі халықтарының тарихи мекені «Алтай» атауын ұсынды.

 

  1. Абилов Есей Таганович – Ақжігіт ауылы №2 аймақтағы

         бірінші көшесіне қазақ халқының байырғы және ұлт-азаттық қозғалысының атауы «Алаш» атауын,

         екінші көшесіне Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекен атауы «Тасөткел» атауын

         үшінші көшесіне Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы тау «Теректі» атауын

         төртінші көшесіне Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы су көзі «Тамшалы» атауын

         бесінші көшесіне Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы дөңесті аймақ «Үстірт» атауын

         алтыншы көшесіне аңыз-әңгімелерде, жырларда айтылатын ұлттық санадағы халық арманының мекендік көрінісі, бұл ұғым халықтың баянды, бақуатты өмірге ұмтылысын бейнелейтін «Жерұйық» атауын ұсынды.

 

         Ақжігіт ауылы бойынша атауы жоқ көшелерге ат беру туралы өткізілген жиналыстардың қорытындысы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың құрамы арасында атаулар ашық дауысқа салынып, осы ұсыныстар бір ауыздан қолдау тапты.

 

Қолдаушылар – 262 адам

Қарсы – жоқ

Қалыс қалғандар – жоқ

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешім етті:

 

  1. Ақжігіт ауылы бойынша атауы жоқ көшелерге келесі аттарды беру жөніндегі ұсыныс бір ауыздан қолдансын:

Ақжігіт ауылының №1 аймағындағы атауы жоқ көшелерге

Бірінші көшесіне «Жалтыр» атауын

Екінші көшесіне «Қарағайлы» атауын

Үшінші көшесіне «Ақмыш» атауын

Төртінші көшесіне «Үш қиян» атауын

Бесінші көшесіне «Алтай» атауын

 

Ақжігіт ауылының №2 аймағындағы атауы жоқ көшелерге

Бірінші көшесіне «Алаш» атауын

Екінші көшесіне «Тасөткел» атауын

Үшінші көшесіне «Теректі» атауын

Төртінші көшесіне «Тамшалы» атауын

Бесінші көшесіне «Үстірт» атауын

Алтыншы көшесіне «Жерұйық» атаулары берілсін.

 

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы тиісті аудандық жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс енгізу үшін Ақжігіт ауылы әкіміне жолдансын.

 

 

 

         Жиналыс төрағасы:                                                            Р.Боранов

         Хатшы:                                                                                  З.Абилханова

Дата публикации
26 марта 2021