Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Телефон канализациясының құрылысы үшін Бейнеу ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0994 гектар жер учаскесіне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімінің орынбасары (Боранбаев Н.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауылының әкімі Р.Тайшыбаев