БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
2021 жылғы «___» _______ № Бейнеу ауылы
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Vista Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Мақат-Бейнеу» магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 50,4 гектар (Боранқұл ауылы – 2,46 гектар, Сарға ауылы – 2,6 гектар, Бейнеу ауылы – 0,84 гектар, Бейнеу ауданының босалқы жерлері – 44,5 гектар) жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 25 (жиырма бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі Б. Әбілов