Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2021 жылғы 22 ақпан                        № 39                                         Бейнеу ауылы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды

бастау туралы

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, 84 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63 бабына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 4 ақпанындағы № 05-02-05-01/05-01-27/1368 хатына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Тәжен» өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту мақсатында мына жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын:

Тәжен ауылы әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №22 шешімі негізінде Бекенова Айсулу Ажигереновнаға Тәжен ауылы, №1 аймақ, жобалық №2 А орнынан кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін жеке меншігіне тиесілі, аумағы 0,08 гектар жер учаскесін (кадастрлық нөмірі – 13-196-012-507).

  1. Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап кемінде үш ай мерзім өткен соң шығарылсын.
  2. А. А. Бекеноваға келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Бейнеу ауданының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  3. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды алу  тапсырылсын.
  4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Теміровке жүктелсін.
  5. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында жариялансын.

Бейнеу ауданының әкімі                                                             Б. Әбілов

 

Дата публикации
25 февраля 2021