Қауымдық сервитут белгілеу туралы

БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2021 жылғы «___» _______                №                                            Бейнеу ауылы

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес және «Есенқұл» шаруа қожалығының басшысы А. Б. Сагынованың келісімі негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының объектілерін орналастыру және пайдалану үшін «Есенқұл» шаруа қожалығының 13-196-016-013 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінен ауданы 18,7689 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қоймастан 2056 жылдың 17 мамырына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Елемесов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бейнеу ауданының әкімі                                                             Б. Әбілов

 

Дата публикации
25 февраля 2021