Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан      Республикасының     2003    жылғы   20   маусымдағы        Жер Кодексіне,  Қазақстан   Республикасының      2001  жылғы  23    қаңтардағы           «Қазақстан   Республикасындағы   жергілікті   мемлекеттік   басқару    және             өзін-өзі   басқару   туралы»   Заңына     сәйкес     Тәжен    ауылының    әкімі       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Тәжен ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,88 гектар жер учаскесіне «KazTransCom» акционерлік қоғамына, жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Тәжен ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (А.Жұмаханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

С. Кокаев

 

 

Дата публикации
01 февраля 2021