ТӨЛЕП АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ
ШЕШІМІ
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Төлеп ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
- Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Төлеп ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0733 гектар жер учаскесіне «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Изжанов