
Бейнеу ауданы аумақтық сайлау комиссиясында 2026 жыл 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауынын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 13 қазан күні алғашқы отырысы өтті.
Отырысқа АСК мүшелері және БАҚ өкіліне Ү.Қаздаева қатысты. Отырыс барысында сайлау науқанын ұйымдастыру, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар сайлау науқаны кезінде атқарылатын жұмыстар, комиссия мүшелерінің міндеттері және сайлау кезеңіндегі ұйымдастыру шаралары жөнінде пікір алмасты.
Отырыста сайлау үдерісін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізу, сайлаушылардың құқықтарын сақтау, тұрғындарға қажетті ақпаратты уақытылы жеткізу және сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.