
Бюджет бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде: аудандық деңгейде стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру, аудандық бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алуды және аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу, жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есебін қабылдауды жүзеге асыру, аудандық бюджеттің атқарылуына әдістемелік басшылық жасау, кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде алдағы орта мерзімді кезеңге арналған жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру, жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және өтеу бойынша міндеттемелерді орындау, жергілікті атқарушы органдардың борышына мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық болжамын және басқа да бағдарламаларды әзірлеу, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, аудандық коммуналдық мүліктің сақталуына және пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету, ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуына талдау және бақылауды жүзеге асыру, коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүлікті, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүлікті, олжаларды, қараусыз қалған жануарларды есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды, аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлікпен басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.